ЖаңалықтарЭкономикаҚылмыс және оқиғалар

Астанада криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Полицейлер криптовалютаға байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Полиция бөліміне екі қала тұрғыны хабарласып, қаражаттарын алаяқтық жолмен белгісіз біреу қолды қылғанын айтып арызданған.

Зардап шегушінің айтуынша, криптовалюта сатылатыны туралы бір сайттан оқып «сатушыға» хабарласқан, содан күдіктімен қаламыздың СО-ның бірінде кездесіп, 11 200 доллар қаржысын қолына ұстатқан.

Жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталып, қазіргі кезде аталған фактыға байланысты ҚР ҚК 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Астана қаласының ІІД-і қаржылай операциялар кезінде қырағы және мұқият болуды ескертеді. Ал «Есіл» ауданының ІІБ –і осы азаматтың заңға қайшы іс-әрекетінен зардап шеккен тұрғындарды мына телофондарға 71-65-50, 8 700 099 96 79 хабарласуын сұрайды.


comments powered by HyperComments
Close