ЖаңалықтарҚоғам

Apple компаниясы жақында айфонның жаңа үлгісін нарыққа шығармақ

Жаңа түрі шыққан сайын елді дүрліктіріп, қызықтыратын  «iPhone» телефонының тағы да соңғы үлгісі пайда болды. Яғни, «iPhone 8» және «iPhone X» жаңа смартфонды Калифорнияда  Apple компаниясы таныстырған. Жаңа нұсқадағы ұялы телефон жайлы мәлімттермен таныстыру мақсатында  компания өзінің сайтында онлайн көрсетілім ұйымдастырылған. Телефон туралы мәліметтермен мына жерден танысуға болады. 

 

Бұл телефонның бұрынғылардан ерекшелігі бар көрінеді. Мәселен, судан қорықпайтын iPhone X («айфон тэн» деп аталады) телефонының сырты шыныдан жасалған. Оны іске қосу үшін саусағыңызбен түртіп аша алаасыз. Бірақ бір ескерері, бұғаттан шығаруға Face ID функциясы пайдаланылады. Ол адамды, яғни иесін қараңғы жерде де ажырата алады және фото алқылы ашу мүмкін емес. Оның жанды, жансыз екенін Face ID жүйесі анықтайды.

Телефонда  A11 Bionic алты ядролы процессор орнатылып, жылдамдығы бұрынғыларға қарағанда әлдеқайды жылдам. Фото, видео түсіретін қондырғысы 12 мегапиксельді құрайды. Кереметі сол, телефонды тоқ желісіне қоспай-ақ қуатын толықтыруға болады.

Телефон жақын күндері сатылымға түседі және бағасы сапасына қарай әртүрлі болмақ. iPhone 8-дің бағасы 335 мың теңгеден,  iPhone 8 Plusт-тің бағасы 380 мың теңгеден жоғары болады деп күтілуде.


comments powered by HyperComments
Close