ЖаңалықтарСаясатҚоғам

7 қараша күні Астанадағы ескі вокзалдың автотұрағына кіру тегін болады

Ескі теміржол вокзалының автотұрағына кіру уақытша тегін болады, деп жазды Astana LRT Facebook-тегі ресми парақшасында.

2017 жылғы 7 қараша күні 09:00-ден 23:00-ге дейін Астана қаласының ескі теміржол вокзалының көлік тұрағындағы төлем қабылдау жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған орай тұраққа кіру және шығу жолдары ашық болады, яғни шлагбаумдар көтерулі тұрады, көлік қозғалысы шектелмейді», — делінген компанияның хабарламасында.

Компания тұрғындардан тұраққа кіру немесе шығуға байланысты қиындықтар туындаса, сондай-ақ басқа да мәселелер жөнінен 574-777 нөміріне хабарласуын сұрайды.


comments powered by HyperComments
Close