ЖаңалықтарҚылмыс және оқиғалар

Қала аумағында қоқыс қалдықтарын тастағандарға айыппұл салынды

Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен уға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар өткізуде, — деп хабарлайды Елорда.инфо Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап .

«Есіл» ауданында рейд өткізу барысында  Астана қаласының «Есіл» аудандық ІІБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен Тұран даңғылы мен Ұлы Дала даңғылы жалғасқан көшеде «Sinotruk»  және «Howo» маркалы көліктерінің белгіленбеген орында құрылыс қалдықтарын төккені анықталды.

Жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (45 380 теңге) айыппұл салынды. «Howo» маркалы көлігі  айыппұл  тұрағына жеткізілді.

Тексерісті жалғастыру барысында Қабанбай батыр даңғылында орналасқан «Алау» СК ауданында саяжай массивінің бұзу қалдықтары «Дархан Аби» мердігер ұйымымен шығарылғаны анықталды.

Аталмыш факті бойынша «Дархан Аби» мердігерлік ұйымы да әкімшілік жауапкершілікке тартылып 40 АЕК (90 760 теңге) айыппұл салынды.

Жалпы 2017 жылдың басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарларды шығарып, лас сұйықтықты төккен 173 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ал айыпкерлерге салынған айыппұлдың  жалпы соммасы 5 млн. 200 мың теңгеден астам.

 

 

Close