• USD 366.5
  • EUR 422.9
  • RUR 5.63

Екі, үш, төрт аяқты: Веложолдармен кімдер жүре алады?

26 шiлде, 15:37605
коллаждың авторы Диас Маженов коллаждың авторы Диас Маженов

Астана велосипедті қалаға айналуда. Бүгінгі күні елордада 204 шақырым веложол бар. 2022 жылға қарай велосипед инфрақұрылымының жалпы қашықтығы 1717 шақырымға жетеді деп жоспарланған. Қазірдің өзінде қала бойынша 25 жалға беру жері мен 170 орындық 17 тұрақ бекеті орнатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астананың жаяу жүргіншілері әзірге қызыл веложолдарға үйренген жоқ. Сондықтан велосипед аймағын білдіретін белгілер мен жолақтарға мән бермейді. Арба сүйреген аналар, самокат тепкен балалар асықпай веложолдармен жүреді.

Алайда, олар веложолдар аймағының жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екенін білуі керек. Велосипедшінің қозғалыс жылдамдығы орта есеппен сағатына 30 шақырымды құрайды әрі онымен соғылғанда екі тарапта зардап шегу мүмкін.

Осыған орай, Елорда Инфо редакциясы веложолдармен кімдер жүре алатыны туралы бейнеролик дайындады.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар 

 

веложолдармен кімдер жүре алады

 

Наверх