• USD 385
  • EUR 434

Астананың жекеменшік үйлерінде датчиктер орнатылып жатыр  

11 ақпан, 08:34853
Автор: Elorda Aqparat

Төтенше жағдайлар қызметкерлері елордалық кәсіпкерлермен бірігіп, Астана іргесіндегі Көктал тұрғын үй алабындағы жекеменшік үйлерге датчик орнатуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордалық кәсіпкер Санжар Боқаевтың қолдауымен және арнайы мамандардың көмегімен үйлерді аралап өртке қарсы консультациялық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, пештерге өрт қауіпі төнгенде дабыл қағатын арнайы датчиктер орнатылуда және жер үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарымен қатар, пешті тазалау әрі оны таза ұстау жөніндегі кеңестер ұсынылуда. 

«Достарыммен және пеш мамандарымен бірге жуырда өрт оқиғасы орын алған ауданның үйлерін аралап өттік. Мамандар үйлерді аралап пештердің жағдайын тексере келе, тұрғындарға кеңес беріп, кейбір қателіктер түзетілді. Сондай-ақ, пештерге датчиктер орнаттық. Кейбір пештер өте нашар және қауіпті жағдайда тұр. Және де достарым датчиктер сатып алу мәселесіне де жәрдемдесуде», - деді кәсіпкер С.Боқаев.

Әкімдікте айтылғандай, бұл бағыттағы жұмыс бойынша 6 маманнан тұратын мобильді топ құрылды. Дегенмен мамандар аздық етуде, осы мақсатта пештің тілін білетін тұрғындардан көмек сұрауда, жұмыстың ақысы төленеді.

Сонымен қатар, мобильді топ мамандары тұрғындардан өздерінің қауіпсіздігі үшін от жағу және пешті таза ұстау ережелерін қатаң ұстануға шақырады.  

«Әр адам алдымен өзінің қауіпсіздігін ойлауы керек сол сияқты отбасы мүшелері мен жақындары хабардар болуы тиіс. Пештің жағдайын үй иесінен артық ешкім білмейді, сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң ұстанған дұрыс. Жер үй тұрғындарынан абай болуын және пештерін тексеруді сұраймыз», - деді Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары.

Наверх