• USD 363
  • EUR 413.3
  • RUB 5.5

Астананың жедел жәрдем жүргізушісі мекемедегі кемшіліктерді айтты (видео)

03 сәуiр, 16:05537
Фото Жанат Тұрғынбаевтың ФБ парақшасынан алынды Фото Жанат Тұрғынбаевтың ФБ парақшасынан алынды

Екі апта ішінде жөндеуге қажетті мотор майы мен сайманның жоқтығынан 20-дан астам арнайы техника сынып тұр. Бұл туралы Facebook желісіне қалалық жедел жәрдем жүргізушісі Жанат Тұрғынбаев жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо

Хабарлама  Facebook желісіндегі топтардың біріне шықты.

«Жүргізушілер жұмыстан кетіп жатыр. Тек бір ғана подстансадан арнайы техниканың 6 жүргізушісі жұмыстан кетуге өтініш жазды. Астананың «жедел жәрдемі» 2015 жылға қайтып оралды. Біз мұнын бәрін басымыздан өткердік, ол кезде халыққа қызмет көрсететін мүмкіндік болған жоқ. Техника майы уақытылы ауыстырылмастан пайдаланылып жатыр. Ол негізінен «ЭКСПО» кезінде сатылып алынған жаңа техника. Қаланың шаруашылығы үлкен, қарым-қатынас мынадай, жарты ай бұрын ғана бәрі жақсы болып еді», - деп жазды Жанат Тұрғынбаев.

 

Жүргізушінің бұл шағымына Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров жауап берді. 

«Мәселе бақылауға алынды. Өкінішке қарай, ЖМЖС бұрынғы басшысының таратыпан қылмыстық ұқыпсыздыққа жол беріліп, ол автокөлікке қызмет көрсетуге уақытылы келісім жасаумен қамтамасыз етпеді. Кеше менің қатысуыммен кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуін қамтамасыз ету жөнінде жиналыс өткізілді. Бүгінгі күні келісім жасалды, көліктер қажетті сервисті ала бастады. Жедел жәрдем штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Мәселе бақылауда», - деп жазды Надыров.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх