• USD 343
  • EUR 397
  • RUB 5.45


Астаналық жігіт Бастаның концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады ВИДЕО

12 наурыз, 10:10235
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Әншінің кеше Астанада өткен концертінде тағы бір жұп табысты, деп хабарлайды Елорда инфо.

 

Концерт кезінде  көрермендермен әңгімелескен Баста бұған дейін өткізген байқау мен оның жеңімпаздарын жариялады. Денис есімді жігіт сахнаға шыққан кезде өзімен бірге сүйіктісі Регина есімді аруды шақырды.

«Осы адамдардың алдында саған бір-екі ауыз сөз айтқым келеді. Мен сені сүйемін және сені өз өміріме шақырамын. Менің жарым боласың ба?», - деді қолына жүзік ұстаған жігіт.

Бақыттан басы айналған бойжеткен «иә» деп жауап берді.  

«Мұны бәрі көріп тұр, енді сен ажырасып кете алмайсың», - деп әзілдеген әнші өзінің репертуарындағы «Ты моя вселенная» әнін орындап берді.

Айта кетейік, ресейлік әншінің өткен жылы қойған концертінде тағы бір астаналық жігіт сүйіктісіне дәл осылай ұсыныс жасаған болатын.

 

 


Наверх