Құқық

ЖЫЛ – ОН ЕКI АЙ


Жазба күнтiзбесi болмаса да, жыл он екi айды өзiнше зерттеп, зердесiне түйген қазақ он екi ай iшiндегi әртүрлi амалдарды атадан балаға мирас қылып, сабақтай бiлген. Жыл басы Наурызды ел асыға күткен. Қиыншылығы көп қыстан малды аман шығарамын ба деп, қардың тез кетерiн, не кетпесiн болжаған. Осы күнгi күнтiзбе бойынша 14 наурыз күнi қыс бойы атты кiсiнi көтерiп кететiн қар бетiнде жатқан құмалақ өз салмағымен батса, жаз тез шығады дескен. «Қардың басын қар алар» деген сөз өлiараға, яғни 26-28 наурызға келетiн сияқты. Ол күндерi жапалақтап қар жауып, iле ерiп, не жаңбыр сiркiрейдi. Бұл қарды ел «Құсқанаты» деп атаған. 14 наурызда «Жаз жұлдызы» туған.
Ал, Отамалыдағы ызғырық қара суық өте жайсыз. Сондықтан, «Сәуiр болмай, тәуiр болмайсың» деген сөз қалған. Сәуiр туғанда алғаш күн күркiрейдi, бөлек-бөлек «Жаз бұлты» шығады. Онан соң бiр-екi күнгi жы-лы¬мық 17-19 сәуiрде болатын жаң¬бырмен, суықпен ауысады. Ота¬малының 25-27 күндерi «Тобылғы жарғанның» қара суығы өтедi, то¬был¬ғы бүршiктейдi. Көкек айының 17-25 шамасында өтетiн «Құралайды» да қазақ ырым еткен. Құралайдың жаң¬бырлы болуы егiн-шөптiң мол¬ды¬ғының көрiнiсi деп те есептеген.
Шiлденiң аптап ыстығынан кейiн саршада туатын Үркер бiр-екi күндiк жүрiп өткен жаңбырмен ауаны шайып өтiп отырған, мұны ел «Үркер толғағы» деп атайды. Ал, тамыз айын¬да Сүмбiленiң суы жүредi. Сондық-тан, қазақ «Сүмбiленiң суы жүрiп пе екен?» деп сұрасқан. Сүмбiле жаң-быры жүрiп өткен жердiң кәдесiнiң түбi көк, малға от болады деп, жылқы-ны қыста сол жерге тебiндеткен. Сол айдың 17-19 арасында болатын сал-қын да есепке алынып отырған. Сүм¬бiле туа су суыса, келесi қазан айында Таразы туып, таң суыған. Қазан айы¬ның 20-21 шамасында күн райы сал-қындай бастайды. Қыркүйектiң 3-5 шамасындағы суық «боз қырау» не¬ме-се «боқырау самалы» деп те атал¬ған. Бұл суықта алғаш рет көктi үсiк шалып, су бетiне қаймақ мұз тұрады. Осы айдың 20-25 шамасындағы қар-дың көрiнуiн «ұшқын» деп атаған. Қыс ұзаққа созылатын жылдары қара-шаның 4-5 шамасында қар түсiп жатып қалады. Осы айдың 17-19 шамасында қай жылы болмасын, жы¬лымық болып, кейде жаңбыр жауа-тынын, есепшiлер күнi бұрын ел құ¬ла¬ғына салып отырған. «Ақпан ақы¬рып келедi», – дейдi ел. Осы айдың 5-7 шамасында аяз көтерiлiп, 30 градусқа дейiн жетедi. Айдың 15-20 шамасында атақты «Текебұрқыл» бораны соғып өтедi. Қаңтар айының 3-5 шамасында кейде қатты аязды не жапалақтап жау¬ған қарлы, жұт жылдары жаң¬бырлы болып келедi. Жалпы, қаңтар – қыстың ең қиын айы. «Күн көзi қы¬раулы қыс күнiнде мәлiм жоқ» деген қазақ. Үт айының 3-5 шамасында ең суық күштi аяз болып өтедi. Онан кейiн аяздың күшi бәсеңдей бередi. Үт айының 15-17 шамасында жылымық болып, кейде жаңбыр жауып кетедi. Осының ақыры, 20-25 шамасында болып өтетiн «Бөрi сырғақ» атты бұр¬қасынға ұласады. Бұл боранда ит-құс жұпталып, қаншығы жерiк болады. Жыл он екi айдың амалдарын мал ша¬руашылығының тұрмысымен байла¬ныс¬тырған ел келер күннiң жауын-ша¬шыны мен бұрқасын боранын көңiлге түйiп, есептеп, жұлдызға қа¬рап шамалап отырған.
Жазы-қысы далалық өмiрде тiр¬шiлiк еткен қазақ халқы өздерi тұрған өлкенiң табиғи ерекшелiгi мен құ¬пиясын терең меңгергендiгi сондай, көз аштырмас боранда жердiң шөбiне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тiршiлiгiне зер салып, жыл мезгiлiн ерте болжап, өзiнше қам жасаған. Жылдың әр айы мен тоқса¬нында болатын ауа райындағы өз-герiстер мен құбылыстарды дала халқы әр кез назарына ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға берiп отыр¬ған. Мұндай жайларды үнемi қада-ғалап, болжап және оны күн iлгерi хабарлап отыратын жұлдызшылар да болған. Әр жылдың он екi айындағы табиғат құбылыстары халықтық қағи-даларға орай қалыптасқан бол¬жамдар мен атаулары әдеттегiдей нау¬рыз айынан басталады. Олар төмендегiдей болып аталады:
Өлiара. Екi айдың арасын «өлiара» дейдi. Осы арқылы алдағы айға болжам жасалады. «Өлiарада жауын-шашын болса, жаңа келесi ай да солай болады», – дейдi халық. Және бол¬жам қатесiз келiп отырған. Е.Жан-пейiсовтың еңбегiнде: «Өлiара – ескi ай бiтiп, жаңа ай басталар аралықта екi-үш күндей ай тумайды, көрiн¬бейдi. Осы кездi, мiне, өлiара дейдi», – деп түсiндiрiлген.
Амал. Жыл он екi айда айналып соғып тұратын ыстық пен суықты, қар мен жаңбырды, жел мен боранды халық бiр сөзбен «амал» деп атаған. Яғни, жылдың әр мезгiлдерiндегi табиғат құбылыстарының өткiншi, тосын, аз уақытта болып өтетiн өзге¬рiстерiнiң көрiнiсiн және оның бiр¬неше түрлерiн атаған. Ұлттық сандық ұғымда «жетi амал» бар. Олар:
1. Күннiң тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердiң батуы
4. Мұздың қатуы
5. Киiктiң матауы
6. Қыс тоқсан
7. Ай тоғамы
Құс қанаты. Наурыз айының соңғы күндерiнде жыл құстары ұшып келе бас¬тайды. Олардың келуiмен қар аралас жаңбырмен суық жел тұрады. Мұны ел «құс қанаты» деп атап, амалға жатқызған.
Аласапыран. Көктемде, наурыз айында, кейде сәуiрде қар күрт ерiп, жер лайсаң болып, шаруашылыққа қиын күндер туады. Осындай жайсыз қолайсыз мерзiмдi «аласапыран» дейдi.
Бес қонақ. Ескiше Наурыз айының 17-21 күндерi аралығында болатын жауын-шашынды күндер. Бұл – әр жылы соғып өтетiн суық әрi лайсаң мез-гiл. Жұрт осы «бесқонақтан» қат¬ты сақтанып, күтiнiп отыратын бол¬ған.
Кей жерде сәуiр (көкек) айындағы бесқонақ амалы өтпей, қазiргi мал¬шы-шопандардың өздерiн де күн райы қанша тамылжып тұрса да, жай¬лауға көшпеген. Өйткенi, бесқонақ амалы кезiнде ең болмағанда үш-бес күндiк суық, қар аралас жаңбыр болмай қалмайды.
Самарқанның көк тасы жiбитiн күн. Наурыз айының 22-i күнi шығыс күн-тiзбесi бойынша жаңа жыл баста¬лады. Бұл күнi шығыста күн жылып, жер жiбiп, ашық шуақты мезгiлдер басталады. Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясына байланысты қағи¬даға айналған бұл сөз «көктем, жаңа жыл басталады» деген ұғымды бiл¬дiредi.
Отамалы. Iшкi бөкейлiктер: «Ерте¬де ақсақалдар «Отамалы – ойылған қыс, сәуiр – санды қыс, зауза-сара¬тан, сенен де қорқам» деп мал баққан қазақты сақтандырған» деп айтатын-ды.
Қызыр қамшысы. Сәуiр айының орта кезiнен аса бере алғаш найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жер бу¬санады, оңтүстiкте жаздың жайлы күндерi басталады. Осы сәттегi най¬зағайдың жарқылын халық «Қызыр-дың қамшысы шартылдады, қыс кет¬тi» деп есептейдi. Мәшһүр Жүсiптiң айтуынша, ескiше 15 наурыз «Қызыр Iлиястың қамшы сiлтер күнi» деп аталады.
Тобылғы жарған. Сәуiрдiң соңғы күндерiнде 2-3 күнге созылатын суық жел соғады. Бұл «тобылғы бүр¬шiк жарған» яғни, өсiмдiктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз.
Қызыл жұмыртқа. Мамыр айының алғашқы онкүндiгiнде дала құстары балапанын шығара бастайды. Халық тiлiнде «қызыл жұмыртқа» деп ата-латын осы кездерде 1-2 күнге созы¬латын суық болады.
Құралайдың салқыны. Мамыр айының аяғында соғатын суық желдi «Құралайдың салқыны» деп атайды. Өйткенi, осы желге қарсы киiк өз құра¬лайларын аяқтандырып, жүгiр¬тiп, өргiзедi. Киiк қанша көп болса да олар 2-3 күн iшiнде түгелдей төл¬деп болады. (Киiктiң тағы бiр айта кете¬тiн ерекше қасиетi – енелерi кез келген құралайды емiзiп, бауырына ала бередi. Киiк құралайының далада жетiм, жалғыз қалмауы осыдан).
Құралай – жаңаша санат тiзбегi (григориан) бойынша 15-18 заузада (мамырда) кiрiп, 25-28-iнде яғни, он күнде аяқталатын амал. Қатты ұшыр-ма жел салқындық болады. Мез¬гiл-мезгiл нөсерлетiп, кей жыл¬дары қар аралас жаңбыр жауады. Бұл он күнде киiк лағын өргiзiп, жаң¬бырға сауырын тосып, тазарады.
Құралайда «Шуан жайылып өлiп¬тi» деген аңыз бар. Ертеде осы бө¬кей¬лiкте өмiр сүрген Шуан деген бай осы құралай амалы кезiнде малын бағып жүрiп, боранға ұшып өлiптi, ыс¬сылағандай сезiнiп, үстiндегi киi¬мiн бiр-бiрлеп шешiп тастай беретiн көрiнедi. Шуан байды да солай ша¬шылған киiмiнiң iзiмен тапса керек. Ол жақтағы «Шуанша жайылған» деген мәтел содан қалған екен…

Әбутәлiп ОРЫНҒАЗЫ,
филология ғылымдарының кандидаты

Close