Құқық

Ынтымақтастық ырысы

Биыл Қазақстан мен Үндiстан мемлекеттерiнiң ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқанына жиырма жыл толып отыр. Осыған орай, елордадағы №54 мектепте қазақ-үндi халықтарының мәдени болмысын айшықтаған кеш өттi.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Үндiс­танның Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Ашок Кумар Шарма мырзаның ай­туын­ша, осы уақыт аралығында достығы нығайып, рухани жаны үндескен екi ел бола­шақта да та­тулықты ұран етiп отыр. Бұған дәлел Үндiстан астанасы Нью-Дели орталығындағы қазақтың бас ақыны Абай атымен аталатын көшенi ерекше атап өту керек.
Кеште қаладағы бiлiм ордаларының жас өнерпаздары қазақ-үндi халықтарының мәдени болмысын айшықтап, ән мен жырдан шашу шашты.

Close