ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛАДЫ

Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументi алдында әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсiмi болып өттi.
Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерi оркестрiнiң сүйемелдеуiмен елiмiздiң Әнұраны шырқалды.
Бұл iс-шара ҚР Президентiнiң жастар арасындағы ұлттық пат­риоттық сезiмдi қалыптастыру мақ­сатында тапсырылған «Қазақ­стан азаматын патриоттық тәр­бие­леу бағдарламасы» аясында нақты көрiнiс тауып отыр. Оның үстiне Қазақстан Республика­сының Қарулы күштерiнiң 20 жыл­дығы мен «Болашақ бүгiннен басталады!» атты республикалық акциясы шеңберiнде өтуi де ерек­ше маңызды.
Астаналық 130 бозбала Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттануға әзiрлiгiн бiлдi­рiп­тi. Олар бiр жыл бойы ел аумағын­дағы әскери бөлiмдерде қарулы күштердiң қыр-сырын меңгерiп, үйiне бiлiктi әскери болып орал­мақ. Отан алдындағы абыройлы мiндетiн атқаруға құлшыныс бiл­дiрген осы жастардың қанатының талмай, қажырының мұқалмай, тек төзiмдерiн шыңдап, ел қор­ғай­тын аптал азамат болып оралуына жиналған қауым тiлектестiк бiл­дiрдi. 1500 қатысушының басын құрап, «Отан қорғаушылар» мону­ментi алдындағы алаңда сап түзеген жасөспiрiмдер мен әскер­ге шақырылушы азаматтар, олар­дың ата-аналары және көптеген қызығушылық танытқан өзге де астаналықтар салтанатты шыға­рып салу кезiнде игi-жақсылардың сөзiн тыңдап, ақсақал аталары­мыздың ақ батасына қол жайды. Тiлек бiлдiрушiлер қатарында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық фи­лиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов, ҚР Қарулы күштерi Ардагерлер кеңесi төраға­сының  орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов, Астана қаласы Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттiң бастығы, полков­ник Бақытжан Мұхаметжанов, Ал­маты ауданы әкiмiнiң орынбасары Түсiп Рысбеков, «Жас Отан» жас­тар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев бастаған бiрқатар билiк өкiлдерi жиналды. Ал, Ұлы Отан соғысы ардагерi Петр Комис­саров пен ардагер-ақын Жамалбек Ақылбай жастарға жүрекжарды лебiздерiн айтып, аман-есен оралу­ларына сенiм артты.
Салтанатты шарада «Мәңгiлiк алау» ескерткiшiне гүл шоқтары қойылды. Содан кейiн әскерге аттанып бара жатқан жiгiттерге рух беру үшiн Қазақстан Респуб­лика­сының әскери Аэромобильдiк «Қал­қан» арнайы жасағының жаттығуларынан шағын көрiнiс көрсетiлдi.

Шынар ӘБIЛДА