БІЛІКТІ МАМАННЫҢ ҚЫЗМЕТІ САПАЛЫ

asdas

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Астана қаласы бойынша Департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Тілеген Қаскиннің қатысуымен Қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті. Күн тәртібінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы қаралды.

Қоғамдық кеңестің мәжілісін ашқан Тілеген Қасқин халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы болуы ең басты міндет әрі талап болып қала беретінін жеткізіп, қазіргі кезде мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланатынын, осы ретте, алдымен мекеме басшысы жұмысының деңгейі анықталатынын айтып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Астана қаласы бойынша Департаментінің кеңесші-инспекторы Талғат Мұқанов Сәулет және қала құрылысы басқармасында, Жер қатынастары басқармасында, Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі заңдылықтардың сақталуына жүргізілген тексерулердің нәтижесін баяндап берді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдері де жүргізіліп жатқан жұмыстары бойынша мәліметтерін айтты.

Кеңес жұмысын қорытындылаған Тілеген Қаскин мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, оның ішінде қызмет көрсетудің процедуралары туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар және таратылып берілетін материалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жандандыру қажеттілігін айтты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ