Тарих

Ұлттық музейде «Алтын адамды» ашқан Бекен Нұрмұханбетовті еске алуға арналған көрме өтеді

Экспозицияларға ғалымның жеке заттары, зерттеушінің өмірінің негізгі кезеңдері туралы фотоматериалдар қойылады, деп хабарлайды Elorda.info.

Серсенбі күні Қазақстанның ұлттық музейінде түркі-славян академиясының («Turkislav» академиясы) ұйымдастыруымен және Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресінің қатысуымен «Алтын адам – тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.

«Бұл шара «Алтын адамды» ашқан және ғылымды дәріптеуші Бекен Нұрмұханбетовті еске алуға арналған. Шара кезінде жаңа тарихи деректер, оның ішінде Қазақстан елтаңбасындағы «Пырақтың» пайда болу тарихы да айтылады», — делінген ұлттық музейдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шара аясында Астанада алғаш рет «Есік» қорығының мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің Бекен Нұрмұханбетовтің өмірі мен қызметін паш ететін көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге ғалымның жеке заттары, зерттеушінің өмірінің негізгі кезеңдері туралы фотоматериалдар қойылады.

Музей қызметкерлері Бекен Нұрмұханбетовтің құрметіне ас беріліп, жаңа ғылыми еңбектер мен шығармалардың тұсаукесерлері өткізілетінін айтты.

Фото: «Новое поколение» газеті

Теги
Показать больше

Related Articles

Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.