Тарих

QazaqGeography батыс Қазақстанның киелі жерлерін зерттейді

Командаға жол талғамайтын көлік жүргізушілері, операторлар, блогерлер, фотографтар, тарихшы гидтер және мәдениеттанушылар шақырылуда, деп хабарлайды Elorda.info.

10 маусымда QazaqGeography Батыс Қазақстанның киелі жерлеріне бағытталған 15 күндік экспедициясы басталады, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық жағрафиялық қоғамы.

«Экспедиция Астана – Қарағанды — Жұбан-Ана кесенесі — Жетіқоңыр құмдары – Қызылорда – Жосалы – Қорқыт ата – Айтеке Би — Жанкент қалашығы – Кескен Құйық-қала – Бегім Ана кесенесі – Қасқақұлан (Барсакелмес қорығы) – Көкарал бөгеті – Бозой – Бейнеу және Бейнеу қорымы – Новоалександровский қамалы – Тұзбайыр – Шерқала – Торыш – Сұлтан-Апа қорымы – Форт Шевченко – Ақтау – Жаңаөзен – Шолпан-Ата қорымы – Бекет-Ата қорымы – Бозжыра – Үстірт қорығы – Жаңаөзен – Бейнеу – Ақеспе – Арал – Қамбаш көлі – Райым – Қызылорда – Жаман-Құрған шатқалы – Жезқазған – Қарағанды – Астана бағытымен жүретін болады», — делінген хабарламада.
Командаға жол талғамайтын көлік жүргізушілері, операторлар, блогерлер, фотографтар, тарихшы гидтер және мәдениеттанушылар шақырылуда.
«Егер экспедицияға қатысқыныз келсе бізбен kazgeography@nu.edu.kz. арқылы байланысыныз.QazaqGeographyмен бірге Қазақстанды зерттеуге асығыңыз!», — делінген Қазақстанның ұлттық жағрафиялық қоғамы таратқан хабарламада.


comments powered by HyperComments
Close