Сұхбат

Аманжол ӘБДІРАХМАНОВ, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры: ЖҰМЫССЫЗДАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫНА ЖӘРДЕМДЕСЕМІЗ

– Сәлеметсіздер ме? Бүгін­гі таңда Астанада жұмыссыздықты жою мақсатында ауқымды істер атқарылып жатқанынан хабардармыз. Осы  «Жұ­мыспен қамту-2020» бағ­­дарламасы бойынша қандай жұмыстар жүр­гізіліп жатыр?
– 2011 жылдан бастап Астанада бағдарламаның бірінші бағыты жүзеге асырылуда. Сол бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыс­сыздарды және табысы аз адамдарды оқытумен бірге олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудеміз. Осылайша, азаматтардың еңбек әлеуетін дамыту, тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етудеміз.
– Бұл бағдарламаға кім­дер қатыса алады?
– Бұл бағдарламаға өз бе­тінше жұмыспен айналысу­шылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қа­та­­рындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар қатыса алады.

– Жасым 20-да, жұмыс­­сызбын. Кәсіби білімім жоқ, жұмысқа орналасқым келеді. Маған қандай көмек бере аласыздар?
– Егер сіздің ешқандай біліміңіз немесе маманды­ғыңыз жоқ болса, «Жұ­мыс­пен қамту-2020» бағ­дарламасы шеңберінде біздің орталық арқылы кәсіптік даярлау курсын немесе колледждерде оқып, білім алуыңызға болады.
– Сонда кәсіптік даяр­­лау қайда және қанша уақыт оқытылады?   
– Мұндай оқу жергілікті колледждерде 36 ай мерзім­і­мен оқытылады.
– Колледжде оқығанда шәкіртақы төлене ме?
– Иә, бағдарлама шеңбе­рінде оқитын болсаңыз, сізге 12 188 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

– Қайырлы күн, Аманжол Кеңесбайұлы! Мен – жұмыссызбын, сіздерге тіркелу үшін қандай құ­жаттар қажет?
– Жұмыс іздеген жұмыссыз азаматтар біздің орталыққа мекен-жайы бойынша тір­келеді. Ал, жұмыссыз азаматтарды тіркеу үшін сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), әлеуметтік жеке кодыңыз (ӘЖК) және тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатыңыз (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы) бен біліміңіз туралы құжаттар, атап айтсақ, аттестат, куә­лік, дипломыңыз және оқу оқығаныңызды растайтын басқа да құжаттарыңыз, мәселен куәлік, сертификат қажет. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын жасайтын қызметкерлер үшін еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттардың болуы шарт.

– Мен Тараз қаласы­нан көшіп келгенмін, маманд­ығым – мұғалім. Аты-жөнім – Бибіжан Қасымқызы. Мұғалімнің жұмысы ауыр, сондықтан балабақшаға тәрбиеші болғым келеді. Сіздердің орталық арқылы тіркеліп, жұмыс табуға болады дегенді естіп едім. Ол үшін не істеуім  керек?
– Бибіжан, егер маман­ды­ғыңыз бойынша өзіңіз­ге лайықты жұмыс тап­па­ған болсаңыз, сіз біз­дің орталыққа келіп, «Жұ­мыс­пен қамту-2020» бағ­дарламасы  бойынша 3 ай мерзімімен қайта даярлау курсын оқуға қатыса аласыз.
– Ал, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курс-тарын оқу үшін қандай құжаттар қажет?
– Жоғарыда айтылған құжаттарға қоса өтініш бе­рушінің келісімімен Қа­зақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зей­нетақы төлеу жөніндегі мем­лекеттік орталығы» рес­публикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқорынан алынған, уә­кілетті орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзінді және денсаулық сақтау сала­сындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ден­саулық жағдайы туралы анықтама қажет.

– Аманжол Кеңес­байұлы, мен – кәсіп­кермін. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ба­лалар мекемелеріне деген сұраныс көп. Өзімнің қаншама танысым бала­ла­рын қалдыратын жер болмағандықтан, жұ­мыс­сыз үйде  отыр. Оның жұ­мысы көп әрі қиын еке­нін де білем. Дегенмен, басқаларға септігім тисе деген ниетпен жаңадан балабақша ашқым келеді. Бірақ, кадр мәселесін қалай шешетінімді ақылдасып алайын деп едім. Мәселен, балабақшама тәрбиеші қажет. Қандай кеңес бересіз?
–  Біріншіден, жұмыс бе­ру­ші мен Астана қала­сы Жұмыспен қамту ор­талығы арасында шартқа отыруыңызға болады. Екіншіден, сіз бізге қа­жетті мамандықтар туралы мәліметтер бере ала­сыз. Содан кейін ор­та­лық сізге қажетті мамандарды жібереді. 2013 жылдан бастап жұмыспен қамту орталығында осы бағдарламаға сәйкес жұмыс берушілердің бағдарламаға қатысушыларды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлауға тіке­лей қатысу мүмкіндігі болжанған. Бұл жағдайда 2012 жылдан бастап тиіс­ті мамандықтар үшін мем­лекеттік білім беру ұйым­дарында белгіленген оқу құны бойынша бағдарламаға қатысушыларды оқы­ту­мен байланысты жұ­мыс берушілердің шығыс­тарының 70 пайызына дейін өтеуді енгізу көзделген.

– Аты-жөнім – Ақ­ер­ке Болатбекқызы. Маман­дығым – бухгал­тер, 5 жылдан бері жұмы­ссызбын. Енді жұмысқа тұрайын десем, жүрексініп жүрмін. Қайта даярлықтан өткенім дұрыс шығар?
– Әрине, Ақерке, жұмыста үзіліс болғандықтан, қайта даярлықтан өткеніңіз жөн. Мамандығыңыз бойынша біліміңіз, дипломыңыз бар болғанымен, біздің орталық арқылы 1 айлық мерзіммен курс оқып, біліктілігіңізді арттыруыңызға болады.

– Колледж бітір­генмін, бүгінде маман­дығым бойынша жұмысқа орналаса алмай жүрмін. Қандай көмек бере аласыздар?  
– Колледж бітірген бол­саңыз, орталық арқылы жастар тәжірибесіне ба­руыңызға болады. Жастар тәжірибесі техникалық және кәсіптік білім беру мақсатында орта білімнен кейінгі және жоғары бі­лім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін ұйымдастырылады.
– Жастар тәжірибесінен өту тегін бе әлде ақылы ма?
– Жастар тәжірибесіне қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 25000 теңге мөлшерінде жүргізіледі.
– Жасым 25-те, осы жасымда жастар тәжірибесіне баруға бола ма?
– Жолданатын түлектер уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиіс. Жұмыссыздарды жұ­мысқа алу туралы шешім қабылданғаннан кейін «Жұ­мыс беруші» онымен Қазақ­стан Республикасы «Еңбек кодексіне» сәйкес жеке ең­бек шартына отырады.
Жастар тәжірибесінде 6 ай көлемінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға болады.

– Аманжол Кеңесбай­ұлы, айтыңызшы, жұ­­мыс беру­шілердің ең­бекақыға бағытталған шы­ғындары қалай өтеледі?
– Жұмыс берушілердің еңбекақыға бағытталған шығындары мемлекет тарапынан мерзіміне байланыс-ты төмендегіше өтеледі. Мәселен, бірінші алты айда бекітілген еңбекақының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде, екінші үш айда бекітілген еңбекақының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде және соңғы үш айда бекітілген еңбекақының 15 пайызынан аспайтын мөлшерде өтеледі.

– Мен 3-ші топтағы мү­гедекпін. Бүгінгі таңда Астанада жұмыс табу оңай емес. Біз сияқты мүмкіндігі шектеулі аза­маттарға қандай көмек бере аласыздар ?
– Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның бірнеше ерекшеліктері бар. Ол алдымен арнайы нысаналы топтарға арналған. Жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уа­қытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
– Арнайы нысаналы топтар деген кімдер?
– Сұрағыңыз өте орынды. Бұл топқа біріншіден, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде курс бітіргендер, сонымен бірге жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар мен балалар үйлерінің тәр­биеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қам­­­қорлығынсыз қалған жиыр­ма үш жасқа дейінгі балалар кіреді. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, Қазақстан Республикасының заңнама­сында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар және елу жасқа толған тұлғалар, мүгедектер, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәж-бүрлеп емдеу орындарынан босатылғандар мен оралмандарды да арнайы нысаналы топтағы азаматтар қатарына жатқызамыз. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бі­лім беру ұйымдарын бітіру­шілер, жұмыс беруші-заң­ды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар мен орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері, ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтіндер мен жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұл­­­ғалар, мүгедек бала­ны тәр­биелеп отырған ата-аналар (бала асырап алу­шылар, қорғаншылар, қамқоршылар) мен табысы аз адамдар да осы топқа енеді.

Гүлбаршын  ӨКЕШҚЫЗЫ


Статьи по теме

  • Нури

    Сәлеметсіз бе? Сіздерде аспазшылык курстар бар ма және қанша ай оқытады?

  • Сардор

    Сәлеметсізбе!
    Мен Шамуратов Сардор туғаннан мүгедекпін. Диагнозым «Врождённый порок сердца: Пентада Фалло.»
    2006 жылы А.Н.Сызганов атындағы ғылыми зерттеу институтында операция жасатқанмын. Қазір жағдайым жақсы. Жылына Алматыға барып дәрігерлерге көрінемін. Бірақ рет берілетін мына жарық дүниеде аман қалғаныма шүкіршілік етіп, жан жарамды жазуға талпынамын, бар күш – жігерімді жиып, өмір сүруге құлшынамын.
    Жасым отызға жақындауда, бірақ тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуім қиын болуда. Жұмыс іздеп барған мекемелердің есіктері біз сияқты азаматтарға ашыла бермейді. Неге біздер қоғам өмірінен сырт қалып кетуіміз керек?
    Түркістан қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрамын. Бір неше рет барып уақытша жұмыс орында табылмады.
    Президентіміздің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек… Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамдың мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады» демеппеді.
    Мен сол сезімге жеталмай жүрмін. Тек қана жәрдемақымен отбасымды асырау қиындығын түсінетін шығарсыз.
    Сізден көмек сұрап отырып мына мәселелерді көмек беруді сұраймын.
    1. Қай салаларда жұмыс істеуге болмайды?
    2. Түркістан қаласында жұмыспен қамту мәселесін шешуге.
    Алдын ала Сізге рахметімді айтамын.

  • Сүндет

    Кайырлы күн ! Менің аты-жөнім Белходжа Сүндет Ерханұлы менің сіздерден сұрайтыным ,,, мен ОҚО ,Сарыағаш қаласы тұрғынымын , мені Ақмола облысы Астана қаласына менің мамандығым бойынша » Ақпараттық жүйелер» ЖОО біліме байланысты отбасылық жагдайымды менгерип тез арада жумыска орналастыруынызды сұранамын .Қосымша » Түйіндеме» ( резюме) калдырдым. Менің ұялы телефоным +7778 614 26 75

  • салеметсиздер ма? сиздерде математика бойынша үш айлык курс бар ма?

  • Жандос

    Сәлеметсізбе ! Есімім Жандос бос жумыс орыны барма? Окыган мамандығым техник құрылысшы ( ПГС ) туракты жумыс орынын таба алмай журмин… Комек корсете аласыздарма?

  • Меруерт

    Сәлеметсіз бе, мен осы кала тургынымын оқу ЖОО осында бітірдім, білім саласында жұмыс істеу өздігіннен кіру өте қиын. Жұмыспен қамту орталығында да болдым, олар жұмыс жәрмеңкесіне сылтеды, оған да бардым конкурс жүргізілді қатыстым соның өзінде өзім сияқты қаншама жұмыс іздеушілер болды, әділетті өткен жоқ, танысын алды көз алдымызда, ал біздің уакытымыз текке кетіп жатыр, оны ешкім есепке алмайды, мамандыгым казак тілі мен әдебиеті бойынша, қарап журмеуым үшін жеке меншік балабақшада жұмыс жасап келем, бірақ оз мамандыгым ды сүйемін сол бойынша жұмыс жасагым келеді, ешқандай тамыр таныссыз оз кушыммен

Close