Прочее

«Тiлдарын – 2012» мәреге жеттi

Астана қаласы Тiлдердi дамыту басқармасы мен «Зерде» тiлдердi дамыту жөнiндегi инновациялық орталықтың ұйымдастыруымен көп тiлдi меңгерген жастар арасында «Тiлдарын-2012» атты қалалық олимпиада өттi.

Эссе жазу, баспасөз мәслихатын өткiзу, iлеспе аударма жасау сынды үш кезеңнен тұратын сайысқа 50 үмiткер қатысып, бақтарын сынады. Олар қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн бiлуi тиiс. Ақтық сайысқа өткен 12 қатысушы жүлделi орындарға таласты. Нәтижесiнде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң студентi Зәмзагүл Сағадиева бiрiншi орынды иеленiп, республикалық «Тiлдарын-2012» олимпиадасына арнайы жолдаманы жеңiп алды. Екiншi орын Астана университетiнiң студентi Глеб Клименко мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң студентi Елена Бугановаға бұйырды. Осы оқу орнынан Алена Дурандина мен №56 мектеп-гимназия оқушысы Әсем Аханбекова үшiншi тұғырды бағындырды.


comments powered by HyperComments
Close