Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларға уақытылы ден қою мақсатында Астана қаласы және оның аудан әкімдіктерінің тасқын суларды өткізу бойынша жұмыс топтары құрылды. Аудан әкімдіктерінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.
19.04.2014 жылғы жағдай бойынша елордада тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелмеді. Аудан әкімдіктерінің су тасқынына қарсы комиссияларына су тасқыныны кезеңі басталғаннан бері ағымдағы жылдың 6 наурызынан 19 наурызына дейінгі аралықта 6985 өтінім түсті, 204 929 м3 су тартылды.


Астана қаласы ТЖ Департаменті және қаланың коммуналдық қызметтері су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр, тұрғындардың өтініміне уақытылы жедел ден қойып, су тарту, нөсер кәріз құбырларын әзірлеу, инертті материалдарды себу бойынша жұмыстар қадағалануда.
Өзеннің қалалық арнасы бойынша тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіледі, жергілікті атқарушы органмен тығыз өзара әрекеттесу арқасында жаға бекіту, газмашаппаратура ауданынан қаланың басты шекарасына дейін үйме дамбыларды нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні жаға бекіту жұмыстары жүргізілді, жалпы ұзындығы 5520 метр, оның ішінде: Газмашаппаратура ауданындағы жаңа арна бойымен – 1500 м., қарттар үйі аумағында – 150 м. дамба салынды, бар дамба нығайтылды – 3000 м., Мехток ауданында – 650 м. болатын жаңа дамба көтерілді, қазылды – 400 м., ЛПУ ауданында — 300 м. болатын жаңа дамба салынды, қазылды – 150 м., «Полянка» саяжайында 20 м. болатын жаңа дамба салынды. Инерттік материалдары бар 200-ден аса көлемде қап төселді. Уақытша қорғау дамбасын төсеу және жағаны бекіту бойынша жұмыстар жалғасуда.


Су тасқынына қарсы іс-шараларға Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметті» ММ күштері мен құралдары және қаланың коммуналдық қызметтері жұмылдырылды.Барлығы 61 бірлік техника және 147 адам.