Астанада бес жыл ішінде 1 мыңнан астам пайдаланылмайтын жер телімі анықталған

Бүгінгі күні қорытынды зерттеу жүргізіліп, аумағы 65,4 гектар 18 жер теліміне қатысты талап қойылды, деп хабарлайды Elorda.info Sputnik-ке сілтеме жасап.

2012 жылдың сәуірінен Астана қаласының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп құрылыс салуға берілген жерлердің игерілу процесстерін бақылайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала аумағында жалпы көлемі 16,0 гектар 1084 пайдаланылмайтын жер телімі анықталған. Оның 269-ы мемлекетке қайтарылған. 77 гектарды құрайтын 33 жер телімі 2016 жылы тапсырылған («Паритет 2003» ЖШС, «Астана Бетон-Строй ЛТД» ЖШС, жеке тұлғалар Омаров Ж.А., Мурзабекова З және т.б.) және аумағы 4,3 га 2 жер телімі 2017 жылы өткізілген («ДинамоАвтоЦентр» ЖШС, «Мечта» ЖШС)», — делінген хабарламада.

473 жер телімін иелері мен жер пайдаланушылар игеруге кірісті.

2016 жылы қалған 342 жер телімінің иелеріне пайдаланылмайтын жерлерді алуды қамтамасыз ету Жол Картасына сәйкес 1 жыл ішінде жерді мақсатты пайдалану туралы ескерту берілді. Бұл мерзім ішінде иелері жерді іске жаратпаса сот мәжбүрлі түрде жерді қайтарып алу туралы шешім шығарады.

Бүгінгі күні қорытынды зерттеу жүргізіліп, аумағы 65,4 гектар 18 жер теліміне қатысты талап қойылған.