ЖаңалықтарПрочееҚала тіршілігіҚоғамӘкімдік

Әсет Исекешев «Ашық әкімдік» туралы айтты

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында қалалық әкімдіктің қалай жұмыс атқаратыны туралы  жоспарын айтып берді. Қала басшысының мәліметінше, әкімдік пен қала қызметінің жұмыстары туралы ақпараттардың барлығы тұрғындар үшін ашық болмақ, деп хабарлайды Елорда инфо.

«Қала әкімдігінің жұмысын ашық етуді жалғастырамыз. Біз көптеген кездесулер, жиналыстар мен келіссөздер жүргіземіз. Ал өткен аптадан бастап апта сайынғы аппарат жиынынында көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі Сіздерге xабарлап отыруды шештік. Жиналыс әр дүйсенбі сайын өтеді. Онда өткен апта қорытындыланып, алдағы аптаның жоспарлары мен шешілмеген мәселелері талқыланады»,-деп жазды қала әкімі өзінің парақшасында.

Әсет Өрентайұлының айтуынша, осылардың барлығын әкімдіктің ресми сайтынан және әлеуметтік желілерден оқитын боласыздар (facebook, instagram, telegram).
«Айтпақшы, әлеуметтік желімізге жазған барлық арыз-шағымдар тез арада тиісті мекемелерге жіберіледі.
Тағы да айта кететін жәйт, алдағы уақытта аппарат жиналысын онлайн-трансляция арқылы да көруге мүмкіндік аласыздар»,-деп атап өтті әкім.


comments powered by HyperComments
Close