ч

Жасұлан Көжеков, публицист: «Жемқорлықты адамдарды ауыстыру арқылы жеңу мүмкін емес»

— Мен жемқорлық пікірталастың дербес тақырыбы бола алмайды деп есептеймін. Жемқорлық – экономикадағы анағұрлым күрделі құбылыстардың туынды бөлігі болып саналатын жанама өнім. Бұл – сырқаттың дене қызуының көтерілгені секілді. Сондықтан жемқорлықпен жеке айналысу – дене қызуына қарсы күрескенмен бірдей: аспирин уақытша сауығу иллюзиясын туғызады, бірақ ағзаны одан сайын бұзады. 

Жемқорлық тиімді интституттар құрылып, мемлекеттің экономикадағы ролі көңілге қонымды деңгейге дейін азайған кезде ғана кетеді. Жемқорлықты жеке адамдарға шабуылдау немесе ауыстыру арқылы жеңу мүмкін емес. Шартты түрде алғанда әділ шенеунік немесе ұры шенеунік деген болмайды, ұрлауға мүмкіндігі бар шенеуніктер болады және мұндай мүмкіндігі жоқ шенеуніктер болады. Және жемқорлықпен жазалау арқылы күресуге анық болмайды, себебі ол тек ұрлықтың ауқымын кеңейтеді; тәуекел үлкен болса, демек, олжа да үлкен болуы тиіс.

Енді, міне, билікке тек тіпті абақтыға отыруға да моральді түрде дайындар ғана келіп жатыр, тек астауға жетсе болғаны – олар халықтың да қамын жеп, өзін де ұмытпайтын кешегі шенеуніктер емес: олар тек бір ғана нәрсені – өзін «қолға түсіргенге» дейін көбірек және тезірек жымқырып қалуды ғана көксейтін нағыз сұмдар.

Егер мемлекетке адал адамдарды қалай әкелу қажеттігін ойлайтын болсақ –тексерулерді барынша қысқарту қажет, шенеунікке шешім қабылдауда барынша еркіндік беру керек, бастамашылдықты, пікірталасты қолдап, лайықты жалақы төлеу керек – және бір мезетте мемлекеттің жемқорлықты функцияларын барынша азайту қажет.