Серік Бөксіков: «Астанаға аймақтық брендинг қажет»

«Маған Астананы тұрақты дамыту кеңесіне мүше болу бұйырыпты. Кеңесте мен аймақтық брендинг мәселесіне салалас проблемалар бойынша жұмыс істейтін блоктамын. Қазір маған елорда әкіміне Астананың дизайн-кодын жасау туралы ұсыныс айту жөнінде ой келіп отыр.Бұл тұрғыда, менің ойымша, билікке қарапайым адамдардың бәрі түсінетіндей өз символын, месседжін жасау қажет», — дейді ол.Кеңестік кезеңде «made in USSR»сериялық өнімдерін белгілеген «Сапа белгісі» деген болғанын, алайда онымен шығарылған өнімнің бәрі бірдей жоғары сапалы болмағанын айтқанСерік Бөксікбаев жалпы сапа белгісі деген ұғымды былайша түсіндіреді.«Сапа белгісі деген, ол тек қана символ емес, ол сапаны көтеруге бағытталған тұтас инфрақұрылым жүйесі. Мәселен, мен Оңтүстік Қазақстан облысы үшін «ОNтүsтік өнім» белгісін жасаған болатынмын. Мұндағы ОҢ –қазақ тілімізде «сапалы», «дұрыс» деген сөзді білдірсе, ағылшынша ОN – «қосу» деген сөз. Сондықтан, «оң» бір жағынан тура мағынасында қолданылса, екінші жағынан бұл сөз позитивтік семантиканың жүгін көтеріп тұр. Оны жасағанда мен образ көпшілікке түсінікті әрі есте қаларлықтай болуын алдыма мақсат еткен едім».Қала бренді туралы айтқанда суретші өзіне Данияның астанасы Копенгагеннің бренд белгісі ерекше әсер еткенін айтады. «Копенгаген, менің ұғымым бойынша, ерекше әсер тудырып, есте қалатындай қала емес. Бірақ, даниялықтар өздеріне OPEN сөзін пайдаланып, астанасына OPENhagen дегенбрендиңжасап отыр. Соның арқасында Копенгагенге барған туристер бұл қаланы қай кезде де есіне алып жүреді. Мен, мәселен, сол қаланың атын ұмытып қалсам, алдымен «OPEN» сөзін есіме түсіремін, содан соң әрі қарай OPENhagen –Копенгаген ойыма оралады. Міне, бұл Данияастанасының аймақтық брендиңі және ол жақсы ойластырылған» — дейді ол.Сурретшінің ойынша, Астананы бірден еске түсіретіндей, қаланы ұмытылмастай етіп кісі жадына таңбалайтындай бренд ойлап табылуы керек. Ол айтқанда өзгелерге бірден түсінікті, осы қалада тұратын адамдардың жанына жақын сөз болуы керек.«Рас, барлық қала брендиңге мұқтаж емес. Мәселен, Алматы қаласына мұндай брендиңқажет емес, Өйткені, Алматы атауының өзі — Алматы қаласының бренді. Ал Астанаға аймақтық брендиң сөзсіз қажет. Менің ойымша, оны архаикалық сипатта, мәселен, әбден ығыр болған тұлпар мен барстың бейнесіне жақындатып жасаудың қажеті жоқ. Ол өміршең болмайды. Барстың тырнағы, бейнелеп айтқанда, Ханшатырдың немесе Тәуелсіздік сарайының идеалдышыңын қырып түсіруі мүмкін. Жалпы, Астананы салғанда архитекторлар біздіңмәдени өміріміздіңархаикалық элеметтерін қала сәулетіне қосуды ескермеген. Сондықтан, ендігі Астана бренді, менің ойымша, қаланың бүгінгі өмірі мен тыныс-тіршілігінен сыр шертетіндей, қаланың сыртқы келбетінен алынған элементтер жүйесінен болуы керек», — дейді ол.* Серік Бөксіков – Астана тұрақты дамукеңесінің мүшесі, суретші.