Пікірлер

Бес күндік оқу жүйесі тиімді ме?

 2020 жылға қарай жаңартылған білім жүйесі бойынша барлық сыныптар кезең-кезеңімен бес күндік оқу аптасына көшеді, сондай-ақ, 12 жылдық оқу бағдарламасы енгізіледі. Еліміздің білім саласына жаңартылған білім жүйесі не үшін қажет деп ойлайсыз?

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері осыдан 28 жыл бұрын білім берудің жаңартылған үрдісіне көше бастады. 1997 жылы көп ел PISA деп аталатын жаңартылған мазмұнды бағалаудың бірыңғай стандартына көшу туралы келісімге келді. Еліміздегі бірқатар мектептер 2009, 2012 және 2015 жылдары осы стандарт бойынша білім сапасын анықтауға қатысты.

Осы зерттеудің қорытындысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігі анықталды. Білім беру мазмұнын жаңартудың себебі осыдан деп түсінуге болады. Жаңа оқу жылынан бастап осы жүйе, яғни әлемдік тәжірибе еліміздің барлық мектептерінің бірінші сыныптарына енгізіледі.

Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді.
Біраз уақыттан бері қалыптасқан оқу процесіндегі еңбек тәртібін реттеу қажеттігі туындап отыр. Мәселен, бірқатар мамандардың айтуынша,

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс аптасы ересектерге арналған талап бойынша 40 сағаттан, балалардың оқу аптасы 30 сағаттан аспауы қажет. Мектептегі сабақтан бөлек, балалардың үй тапсырмасын орындайтынын ескерсек, оқушылар аптасына 50 сағаттан артық жұмыс істейді екен.

Сондықтан балалардың денсаулығын да ескергеніміз жөн. Үшіншіден, күнде оқушылардың қоғамдық көлікте ауыр салмақтағы сөмкені иығына асып жүргенінен өзі түгіл, былайғы жұртшылықтың да мазасы кетеді.

Менің білуімше, жекелеген шетелде оқушылар мектепке кітап апармайды. Нақты айтқанда, ол жерлерде барлық оқушыға кітаптар сақталған және үйлерінде сабағына қатысты қажетті оқулықтар жинақталған.

Түптеп айтқанда, бес күндік оқу жүйесі оқушыларға да, мұғалімдерге де тиімді болатынын айтқым келеді.

Қырғауыл Хусман,
№69 мектеп-гимназияның бастауышсынып мұғалімі

Close