• USD 368
  • EUR 423.5
  • RUR 5.67

Экспо аумағындағы этонауылда халықтық серуен өтті

22 наурыз, 17:26910

Бүгін, 22 наурызда, Астанада ЭКСПО көрме кешені аумағында орналасқан этноауылда көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды шаралар мен халықтық серуендер өтті. Таңнан басталған мәдени шараларда қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық нақышта ойын-сауық бағдарламасы дайындалған. Мерекелік шараға халық көп жиналған, деп хабарлайлы Елорда инфо.

Айта кету керек, Астанада көктем мезгілі келгеніне біраз уақыт өткенмен,  әлде де тоң жібермей, көбіне суытып, құбылып тұрған ауа-райы бүгінгі әз Наурыз мейрамы мерекесінде ерекше шуақты болып, жылып сала берді.

Келушілерді қазақ халық ертегілерінің сүйікті кейіпкерлері қарсы алды. Елордалық театрлардың әртістері ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды көрсетіп жатты.

Этноауыл сахнасында республика артистері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, халықты ән-шашумен тәнті етті.

Жастар этноауыл аумағында алтыбақан тебуде. Мұнымен қоса, жиналған қауым асық ату, арқан тарту, армрестлинг пен гір көтеру, білексайыс сынды ұлттық ойындар мен жарыстарда күш сынасты. Спорттық аренада еліміздің кәсіпқой балуандарының қатысуымен қазақ күресінен сайыстар өткізілілді.

Қазақ халқы ежелден асырап келе жатқан тазы мен төбеттер көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын оятты. Сондай-ақ, сағатына 80 шақырымға дейін жүгіре алатын және аң аулау қасиетімен ерекшеленетін тазы иттер жарысы ұйымдастырылды.

Мерекелік алаңда төрт киіз үйден тұратын этнографиялық музей кешені жұмыс істейді. Киіз үйлердің бірінде VIII  ғасырдағы ежелгі түркі жазбалары жазылған тас стеллалардың шынайы көшірмелері көпшілік назарына ұсынылған.

«Ұлттық музыкалық аспаптар музейі» киіз үйінде қонақтар домбыра, нарқобыз, дауылпаз, жетіген, сырнай және т.б. реконструкцияланған бұрынғы аспаптармен таныса алады, экскурсоводтар аталған аспаптарды жасау технологиясы мен мақсаты туралы айтып береді.

Ұлттық этнография және зергерлік бұйымдар музей-киіз үйінде келушілер қазақ халқының тұрмысындағы адалбақан, жағлан, кебеже, жүкаяқ және басқа да заттарды, сонымен қатар, антикварлық зергерлік бұйымдарды - сәукеле, өңіржиек, өңіртал, құдағи жүзік, белдік, асатаяқ, шашбауыр мен асыл металлдар мен тастармен әшекейленген басқа да заттарды тамашалай алады.

Төртінші киіз үй - «Ұлттық кілем өнімдері музейінде» еліміздің түрлі аймақтарынан әкелінген ескі түкті және түксіз кілемдер көпшілік назарына ұсынылған.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 


Наверх