• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Астанада «ақылды» орындықтар орнатылды

02 тамыз, 16:39397

Астананың сол жағалауындағы жаңа веложолдардың бойында 39 смарт орындық орнатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Бұл орындықтар - Астананың 20 жылдығына Павлодар облысыны жасаған сыйы.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде атап өткендей, орындықтардың смартфондарға блютуз арқылы қосылу және динамика арқылы музыка тындау қызметі бар. Сондай-ақ телефонды сымсыз және USB порт арқылы қуаттауға болады. Орындықтар электр қуатын оған орнатылған күн батареялары арқылы алады.

Ең бастысы - бұл орындықтар велосипедтер үшін тұрақ қызметін де атқара алады. Смарт орындықтардың жаңа веложолдардың маңайына орнатылған себебі де сол.

Белгілі болғандай, ақылды орындықтар Қытайда жасалған, оның біреуінің бағасы 1,2  млн теңге. Әр орындықтың үш жылға дейін кепілдік мерзімі бар.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 


БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх