• USD 374
  • EUR 425.8
  • RUR 5.63

Мәдениет

Үздік білгірлер Астананың көрікті жерлеріне 600 мың теңге ұтып алады

11 қазан, 11:29141
Автор: Elorda Aqparat

Білгірлерді Астананың көрікті жерлеріне арналған «ASTANA CITY QUEST» ойынына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ қолдауымен «Рухани Жаңғыру» барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы, сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында «Астанадағы қасиетті орындарды және көрікті жерлерді іздеуге арналған іс-шаралар кешенін» ұйымдастырады» делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында Астана қаласының қасиетті орындарын және көрікті жерлерін танымал ету. Елордамыздың тарихы және бүгінгі күнгі келбетімен танысу.

Жалпы ойынға 25 командаға дейін қатысады.

Квест ойынының жалпы ұтыс қоры – 600 000 теңге. Жеңімпаздар 1, 2, 3-орындарға бөлінеді. Сондай-ақ үздік шыққан қатысушылырға «Үздік ойыншы», «Үздік капитан» номинациялары бойынша сыйлықтар беріледі.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх