• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

«Үздік бақылаушы» байқауы жарияланды

03 қараша, 10:21151
Автор: Elorda Aqparat

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Астана қалалық филиалы «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы бойынша «Үздік бақылаушы» байқауын жариялайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Конкурс қоғамдық бақылау институтын күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметіндегі жүйелі қателерді, әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған.

Байқауға қатысу үшін 2018 жылы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар қабылданады.

Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың материалдарын 2018 жылдың 15 қарашасына дейін қабылдайды.

Байқаудың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы келесі аспектілерді ескеретін болады:

- материалдардың өзектілігі және белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

- тақырыптың жаңалығы мен ашылуы;

- мазмұндау стилі;

- авторлық тұжырымдаманың берілу үлгісі және дербестігі.

Конкурсқа қатысу үшін материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 26/1, 4-қабат, 4-кеңсе.

Байланыс телефондары: 87172361872, 87011110699, 87015167010.

Электронды почта: r.dauletkerei@mail.ru, zhanaru.kz2013@mail.ru.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх