• USD 377.5
  • EUR 425.5
  • RUR 5.59

Қоғам

Ұлттық бюро елордада жемқорлыққа көп жол беретін саланы анықтады

13 ақпан, 16:49135
Автор: Elorda Aqparat

Ішкі істер органы, көліктік бақылау инспекциясы, денсаулық сақтау саласында жемқорлық кездеседі, деді Елорда.инфо тілшісіне берген сұхбатында «Астана –адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева. 

«Бүкіл республика бойынша көрсеткіш осыған саяды. Өткен жылы елорданың жергілікті органдарында сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған жоқ», - деді Ж.Жылқышиева.

Спикердің айтуынша, «Астана – адалдық алаңы» жобасы коррупциялық қылмыстарға мониторинг жасаумен қатар, оның алдын алуды көздейді.

«Жоба басталған санаулы күн ішінде Астананың аудандары мен ондағы халыққа қызмет көрсететін ұйымдарда бірқатар кездесу өткіздік. Осы аралықта тұрғындардың денсаулық сақтау саласына қатысты өтініш-шағымдары көп екені анықталды. Бес емханада кездесу өткізгенде, оның кейбірінен науқастарды тіркеу, кезек мәселесі, мүгедектерге арналған құралдардың жұмыс істемеуі сынды бюджет қаржысын қажет етпейтін қарапайым жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмағанын анықтадық», - деді жоба жетекшісі.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх