Қоғам

Ұлттық Әскери-патриоттық музейде Президент Жолдауы талқыланды

20 қыркүйек, 22:01164
Фотоны түсірген автор Фотоны түсірген автор

Бүгін елордадағы Ұлттық Әскери-патриоттық музейде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп хабарлады Елорда Инфо тілшісі.

«Заман ағымына қарай қоғам өзгеруі керек. Қазіргі қоғам жаңаша ойлауды талап етеді. Өткенге көз жүгіртсек, ең алғашқы Жолдау 1997 жылы жолданған болатын. Содан бері бүгінге дейін Мемлекет басшылары 24 Жолдау жасапты. Оның әрқайсысының өз бағыты бар. Ал биылғы Жолдаудың басты бағыттары – заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Осы Жолдауды тыңдап отырып өзіндік бір ой түйдім. Қазіргі биліктің ашықтығын, қолжетімділігін, тиімділігін ерекше атап өткім келеді», - деді «Nur Otan» партиясы Байқоңыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхамеджан Болысбек.

Сондай-ақ ол Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жеңілдегенін, біраз анықтаманы үйде отырып алуға болатынын мысал етіп өтті. Сол сияқты соңғы жылдары интернет арқылы біраз жұмыстың жеңілдегенін де тілге тиек етті. Мұхамеджан Болысбек мұның бәрін қазіргі қоғамның тиімді бастамаға ұмтылып жатқанымен байланыстырды.

«Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Айта кету керек Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға көбірек мән беріп отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік экономикалық дамудың негізгі бағыттарын қарқынды күшейтудің амалдарын ұсынды. Бұдан бөлек, Президент митингтердің ұйымдастыру тәртібін жаңартуды маңызды санайды. Егер бейбіт акциялар заң шеңберінен шықпай, азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, оған түсіністікпен қарап, арнайы орын бөлудің қажет екенін әрі ол орындар қала шетінде болмауы тиістігін айтты. Енді митингтер заң аясында өткізіледі», - деді Мұхамеджан Болысбек.

Сонымен қатар Жолдауда ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату ісі, сол сияқты Ішкі істер органдарын реформалау секілді өзекті мәселелер қозғалғанын айтып өтті. Бұдан бөлек, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталды.

Сөз соңында ол 2020 жылға арналған Еріктілер жылында "Nur Otan» партиясы біршама жобаны бастап отырғанын әрі ниет білдіргендерге әрдайым ашық екенін айтты. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх