• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Мәдениет

 «Ялла» тобы  Қазақстандағы Өзбекстан жылынның ашылуына қатысады

14 наурыз, 12:15161
фото: Ялла тобының ресми сайтынан алынды фото: Ялла тобының ресми сайтынан алынды

Ертең «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасы жылының ашылуына арналған концерт өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылуына көрші елдің бірқатар өнер майталмандары келеді келеді деп жоспарланып отыр.

«Концертке Өзбекстан мен Қазақстанның Халық әртісі Фаррух Закиров пен Өзбекстанның еңбек сіңірген ансамблі «Ялла», Өзбекстанның Халық әртісі  Нормумин Султонов, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Севара Назархон қатысады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ гала-концертте Навои мен Абайдың өлеңдеріне негізделген поэтикалық таныстырылым, Өзбекстанның жастар симфониялық оркестрінің орындауында Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалады. Алишер Навои атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының солистері мен балет труппасы әлемдік классикалық опера және балет өнерінің жауһарларын ұсынады.

Айта кетейік.15 наурыз күні Орталық Азия мемлекет басшыларының жұмыс кездесулері өтеді. Оған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшылары қатысады. Сондай-ақ, 15 наурыз күні Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылуы екі ел басшыларының қатысуымен өтеді.

 

 

Наверх