Қоғам

«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне жаңа үй беріледі

07 қараша, 10:0181
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Аталған тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Территория комфорта-1» тұрғын үйінің 500-ден астам үлескері бар. Бүгінгі күні сүру жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін толық сүріліп болады. Содан соң сол жерде үй қайта салынып, үлескерлерге беріледі. Дегенмен кейбір үлескерлер тұрғын үйдің салынуын күтпей, басқа жерден үй беруді талап етуде. Бірақ тиісті шешім қабылданды, үлескерлер үйді сол жерден алатын болады», - деді Алтынбек Қайсағалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, әкім орынбасары тұрғын үй кешенінің құрылысы қашан басталатын да тілге тиек етті.

«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің құрылысын 2 жыл көлемінде аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың қаңтар, ақпан айларында басталады», - деді ол.

Бұған дейін А.Қайсағалиев балконы құлайын деп тұрған «Орбита» тұрғын үй құрылысына қатысты түсініктеме берген болатын.




Наверх