• USD 374
  • EUR 425.8
  • RUR 5.63

Тұрғын үй алаптары

Сербия инвесторлары Астанада «БК ТЕСЛА ПАРК» тұрғын үй алабын салады

11 қазан, 10:44135
Автор: Elorda Aqparat
Сурет «Astana» ӘКК» баспасөз қызметінен Сурет «Astana» ӘКК» баспасөз қызметінен

Астана қаласында «БК Тесла Парк» тұрғын үй кешенінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында «Astana» ӘКК» АҚ мен «BK «Tesla» ЖШС екі жақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Құжатқа қол қою рәсіміне «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Dana Holdings» компаниясының стратегиялық даму жөніндегі директоры Петар Петров қатысты.

Аталмыш құжаттың негізгі мақсаты  - «БК Тесла Парк» тұрғын үй кешенінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді, екі жаққа тиімді серіктестік орнату.  

Тұрғын үйдің жалпы аумағы – 61 га, ол «Тельман» мөлтек ауданының жанында орналасады. Құрылыс жүргізілетін мерзім – 2018-2023 жылдар. Инвестиция көлемі жобамен 500 млн. АҚШ долларын құрайды.

Естеріңізге салайық, күні бұрын Астана қаласында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің қатысуымен тұрғын үй кешенінің ірге тасы қаланған болатын. Салтанатты шараға сондай-ақ Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстанның Сербиядағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Сербияның Қазақстандағы елшісі Владан Матич, «Dana Holdings» директорлар кеңесінің төрағасы, Сербия халық депутаты Драгомир Я.Карич қатысты.  

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх