• USD 374
  • EUR 425.8
  • RUR 5.63

Қоғам

Өткен жылы Астананың Сарыарқа ауданында қандай өзгерістер болды?

11 қаңтар, 12:23244
Автор: Elorda Aqparat

«Сарыарқа» ауданында әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда деңгейі ауқымды жұмыс жүзеге асырылды. Түрлі мемлекеттік реформалар мен бағдарламалар табысты атқарылуда. Бұл туралы тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында дайындаған әкімдіктің «2017 жылы «Сарыарқа» ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың қорытындысы және 2018 жылға жоспарлар туралы есебінде» атап көрсетілген. 

Келесі аптадан бастап «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек мырзаның аудан тұрғындары алдындағы есебі басталады. Осыған орай Елорда инфо аталмыш ауданның 2017 жылғы жеткен жетістіктерінің көрсеткіштерін жариялайды.

«Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек

Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек

Астананың «Сарыарқа» ауданы 1998 жылы 6 мамырда құрылды. 

2017 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша аудан халқының саны 384321 адамды құрады (өткен жылмен салыстырғанда 2,0 пайызға ұлғайды). Өткен жылдың ұқсас кезеңі ішінде аудан халқының саны 376770 адам болған болатын.
 

Ауданның негізгі көрсеткіштері

Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты тарапынан 2017 жылы маңызды жобалар іске асырылып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.
Халықпен есеп беру кездесулерінде айтылған азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы жөнінде Сізді ақпараттандыруға рұқсат етіңіз.
2017 жылы 7 есеп беру кездесуі өткізілді, оған 2120 адам қатысты. Барлығы 315 сұрақ келіп түсті, оның ішінен 267-сі орындалды, 48-і – орындалу үстінде.
Өткізілген  жұмыстың  қорытындысы бойынша  көптеген  жылдар бойы шешілмей  келе  жатқан  аудан тұрғындарының мәселелері өз шешімін тапты.
1) Астана қаласының әкімі Ә.Ө.Исекешевтің қолдауымен 2017 жылы ауданның өзекті мәселелерінің бірі шешіліп, дербес қазандықты 10 тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіліп, «Астана-энергия» АҚ қызмет көрсетуіне өтті, нәтижесінде жылыту үшін  қолданыстағы тариф жалпықалалық тариф деңгейіне дейін төмендеді.
2) 2017 жылы 70 апатты-тозған үйлерді сүру бойынша үлкен жұмыс көлемі орындалды, ауданның 1379 тұрғыны жаңа тұрғын үй кешендерінен пәтерлер алды. (2016 жылы 33 үй сүрілді, 446 пәтер берілді, 2015 жылы 11 үй сүрілді, 154 пәтер берілді, 2014 жылы 19 үй сүрілді, 152 пәтер берілді, 2013 жылы 4 үй сүрілді, 32 пәтер берілді).
3) Кенесары көшесінен Абай көшесіне дейін және Сейфуллин көшесінен Бөгенбай көшесіне дейін Күмісбеков көшесін салу жұмысы жалғасты. Мұнан басқа, 2017 жылда тұрғындардың бірнеше мәрте жүгінуі ескеріле отырып, жалпы ұзақтығы 6979 м құрайтын 18 көше бойынша жолдар жөнделді. 2018 жылы аталмыш жоба жалғасын табады.
4) Тұрғын үй алаптарындағы көшелерді жарықтандыру бойынша тұрғындардың өзекті мәселесі шешілді. Біздің тарапымыздан келесі көшелерді жарықтандыру бойынша елеулі жұмыс жүргізілді.
5) «Өндіріс» тұрғын үй алабының 12 орталық көшелері бойынша ағымдық және шұңқырларды тегістеу жұмыстары жүргізілді, 8 көшенің бойына инертті материалдар себілді.
6) Жалпы  ұзақтығы  2870 м 8 көше бойынша  шаруашылық-тұрмыстық кәріздің  инженерлік  желілері  жүргізілді.
7) Мойылды, Сарыөзен, Ақсуат, Зайсан 27 көшесіне нөсер кәрізі желі­сін жүргізу жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 7740 м құрайды.
8) Мешіт тұрғызу мәселесі тұр­ғындар тарапынан бірнеше мәрте көтерілген болатын. Осыған байланысты, біздің тарапымыздан белгілі бір жұмыс жүргізіліп, 2017 жылы «Көктал» тұрғын үй алабында мешіттің іргесі қаланды.

Жергілікті  бюджетке  түсімдер

2017 жылы салықтық түсімдер көлемі барлығы 50,3 млрд теңгені құрады (жоспар – 48,4 млрд теңге). Өткен жылдың мұндай кезеңінде салықтық түсімдер көлемі 46,0 млрд теңгені құраған болатын (120,7 пайыз).
Мемлекеттік бюджетке барлығы 268 млрд теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 50,3 млрд теңге, республикалық бюджетке – 217,8 млрд теңге. Барлық бюджет түрлері бойынша жоспарлар орындалды. Өткен жылдың мұндай кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімнің – 8,3 пайызға, республикалық бюджетке түсімнің 23,9 пайызға өскені байқалады.

Негізгі капиталға инвестициялар

Аудан кәсіпорындарының негізгі капиталына құйылған инвестиция­лар көлемі 139268,3 млн теңгені (елорда инвестицияларының жалпы көлемінің 20,3 пайызы) құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде инвестиция көлемі 98564,6 млн теңгені құрады (елорда инвестицияларының жалпы көлемінің 18,2 пайызы). Инвестиция көлемі 41,3 пайызға артты.

Өнім (тауарлар, қызметтер) өндірісінің көлемі

Өнім өндірісінің көлемі 66156,5 млн теңгені құрады. Өткен жылдың мұндай кезеңінде көрсеткіш 
59775,7 млн теңгені құрады. Өсім 10,7 пайызды құрады.
2018 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлер саны – 31868 субъекті, бұл өткен жылдың мұндай кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4 пайызға артық. Жұмыс жасап отырған жеке кәсіпкерлер саны 2,2 пайызға артты (22494 субъекті).
Жұмыс орындарының саны 2146 адамға көбейді.

Ауданның бюджеті 

Сарыарқа ауданының бюджеті 2017 жылы 12,651 млрд теңгені құрады (2016 жылы – 11,6 млрд теңге), ол 100 пайыз игерілді.
2018 жылға бюджет 11,2 млрд теңге мөлшерінде бекітілді.
Аппарат тарапынан 2017 жылы аудан аумағында тұруға жайлы жағдай жасауға және өткір түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Аулаларды кешенді абаттандыру

2017 жылы орамішілік өткелдерді абаттандыру мен жөндеуге көп көңіл бөлінді.
Аула аумақтарының саны 695-ті құрайды. Тұрғындардың өтініші бойынша ауданның 281 ауласы ағымдағы жөндеуден өтті.
Кешенді жоспарды іске асыру аясында 22 ауланы абаттандыру жүргізілді (2016 жылы – 19 аула).
Келесідей жұмыс түрлері жүргізілді:
– асфальтты-бетонды төсемді жайластыру;
– шағын сәулет нысандарын (балалар ойнайтын кешендер, сырғанақтар, әткеншектер, құм, отыр­ғыштар мен қоқыс жәшіктері) орнату;
– балалардың ойын алаңдарын алмастыру, 210 балалар ойнайтын элементтер орнату.
Мұнан басқа, 5 мекенжай бойынша спорттық алаңдар, 6 жаттығу алаңдары жайғастырылып, 61 жаттықтыр­ғыш орнатылды.
Ауданның аумағында 63 мекенжай бойынша 79,8 млн теңгеге орамішілік аулаларға жөндеу жүргізілді. Барлығы 14 мың 263 ш.м. асфальт-бетонды төсем төселді.
Абаттандыру элементтерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Кенесары көшесі бойындағы жерасты өткеліндегі кіреберістерді жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, гранит басқыштар орнатылды – 266 қ.м., төбе жөндеу, тұтқаларды алмастыру, кіреберіс­тердегі гранит тақтайларды жайғас­тыру жұмыстары жүргізілді.
Ә.Мәмбетов көшесі бойындағы қиыршық тас төсемін жайғастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 1862 ш.м. қиыршық тас төселді.
Сонымен қатар, Республика даңғ. және Сарыарқа даңғ. бойынша ағаштардың айналасына 120 дана темір торлар орнатылды.
Сейфуллин даңғ. және Абай даңғ., Қарасай батыр к., Есіл өзенінің жағалауы, Сарыарқа даңғ., Бөгенбай батыр даңғ., Бейбітшілік к., Респуб­лика даңғ. бойынша жаяу жүргіншілер өткелдерінің қоршаулары сырланды.
Сонымен қатар, Кенесары к. – 98 м және Республика даңғ. – 110 м бойынша жаңа сәнді қоршаулар орнатылды.
2018 жылы «Өндіріс» және «Көктал» т.а. орталық көшелеріне жалпы ұзындығы 4000 қ.м. қоршаулар орнату жоспарланып отыр.

Ауданды көгалдандыру

Елорданың экологиялық және эстетикалық келбетін жақсарту үшін көктемгі және күзгі экологиялық айлықтар кезеңінде Қосшығұлұлы к., Н.Тілендиев даңғ., Сарыарқа даңғ., Кубрин к., Респуб­лика даңғ., Бейсекова к., Сарыбұлақ өзенінің бойына түрлі 7415 дана ағаш пен түптер отырғызылды, өткен жыл­дармен салыстырғанда (2015 ж. – 1762, 2016 ж. – 1805 ағаш) аудан ау­мағын көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс 2018 жылы жалғасын табады.
Орамішілік аумақтарда 223 мекенжай бойынша ағаштар кесіліп, сүрілді. 590-нан астам ағаш пен дің сүрілді, ағаштардың 6000-нан астам бұтақтары кесілді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аумақты шыбын-шіркейге улау жұмыстарына дайындау үшін қамыс­ты және арамшөпті өсімдіктерді шабу жұмыстары жүргізілді. Барлығы шабылғаны – 286,5 га.

Ауданды жарықтандыру

«Көктал» және «Өндіріс» тұрғын үй алаптарындағы 17 көшені жарықтандыру (қолданыстағы бағандар арқылы) бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Көшені толыққанды жарықтандыру үшін қажетіне қарай жаңа бағандар орнатылды.
Қосымша 219 шамдардың ескі үлгілерін жарықдиодтыларына алмас­тыру бойынша жұмыстар Сарыарқа даңғ., Абай даңғ., Кенесары к. бойынша жүргізілді. Жарықдиодты шамдар диммирлеу мүмкіндігі ескеріле отырып орнатылады. Шешіп алынған шамдар тұрғын үй алаптарындағы көшелерді және ауданның орамішілік бөліктерін жарықтандыруда пайдаланылуда.
Аудан аумағында орналасқан 1026 көп пәтерлі тұрғын үйлердің ішінен орамішілік жарық 669 үйде бар (1315 шамға қызмет көрсетіледі). Жұмыс жоспарына сәйкес, 2017 жылы 132 үйге орамішілік жарық жүргізіліп, 191 жарықтандыру құралы орнатылды. 2018 жылы бұл жұмыстар жалғастырылатын болады.

Санитарлық күтіп-ұстау

Ауданды ағымдағы күтіп-ұстау жұмыстары жұмысымыздың маңыз­ды бағыты болып табылады. Көшелерді механикаландырылған, қолмен, орамішілік тазалау бойынша 24 мердігерлік ұйым жұмыс жасайды.
Қыс мезгілінде ауданды тазалау үшін күн сайын бір ауысымда 290 бірлік техника мен 594 жол жұмысшылары шығады.
13.10.2016 ж. мен 5.03.2017 ж. аралығындағы кезеңде қар полигонына бұрын-соңды болмаған қар көлемі 1696727 м3 (2016 жылы – 954386 м3 қар) шығарылды, ал қаржыландыру деңгейі бұрынғыша қалды.
Биылғы қыс мезгілінде мердігерлік ұйымдар қар полигонына 120964 м3 қарды шығарған.
1.01.2018 жылғы дерек бойынша мердігерлік ұйымдар көму полигонына 27,2 мың тонна қоқыс шығарған.
Тазалықты қамтамасыз ету және аудандағы абаттандыру қағидаларын сақтау үшін жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер өткізіліп, оған 71 мыңнан астам адам қатысты. Барлығы 4620,5 тонна қоқыс шығарылып, рұқсатсыз қоқыс­тың 4950,8 тоннасы жойылды.
Сарыарқа ауданы ІІБ ЖПҚ инс­пекторларымен бірлесіп, иесіз қалған 110 автокөлік құралдарының шанақтары шығарылды.
2017 жылы аудан аумағында 2839 қараусыз қалған жануар, оның ішінде 2539 ит, 300 мысық ауланды (2016 жылы 2453 қараусыз қалған жануар ауланған болатын).

Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ұзындығы 150 м Қарттар үйі маңындағы дамбаларға 1000 м2 көлемді инертті материал (ірі құм) себу бойынша шара қабылданды және ұзындығы 1700 м қолданыс­тағы дамбаны бекіту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, КЖБИ бағбандық қоғамы маңында ұзындығы 150 м дамбаға құм себілді.
Қосымша су өткізетін құбыр төсеу арқылы батпақтан су бөлу бойынша жұмыстары Медеу көшесі, 57 (D=500 мм, L=200 м.), Ақбидай көшесі (D=500 мм, L=260 м.) мекенжайлары бойынша жүргізілді.
Нөсер кәрізі желілерінің құдықтары мен коллекторларын «Кэмэл» арнайы техникасымен тазалау жұмыстары аяқталды – 5400 қ.м.
«Крот» арнайы техникасымен жуылды – 9014 м.
Жалпы ұзындығы 23710 қ.м. арық­тарды тазалау жұмыстары аяқталды.

Дезинсекция және дератизация

2017 жылы масалар мен шіркейлердің көбеюі байқалды. Осыған байланысты, аудан әкімдігі бұрын өңделмеген аумақтарды өңдеу арқылы оларды жоюға өткен жылғымен салыстырғанда көбірек ресурс жұмсады.
«Өндіріс», «Көктал» т.а. су қоймалары мен батпақтары өңделді, ауданы – 1518,5 га., ашық өсімдіктер (жағалаулар, субұрқақтар маңы, «Көктал», «Өндіріс» т.а. аумағы) масалар мен шіркейлерге қарсы өңделді, ауданы – 4130,19 га.

Жол-көлік инфрақұрылымы

Сарыарқа ауданының аумағында жолдарды орташа-ағымдағы жөн­деу­ден өткізу бағдарламасы бойынша тұрғын үй алаптарындағы 32 көшеде (13304 км) жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында ұзындығы 6,4 км 7 көшенің жолдары орташа жөндеуден өтті.
Сонымен қатар, Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, ауданның 14 көшесіндегі жолдарға инертті материал септі.
№2 қалалық емханадан «Медина» ТК-ға дейінгі аралықта Ақан сері көшесінің құрылысы жалғасты, жаяу жүргіншілер жолы, көше дарығы, асфальт төсемі мен инженерлік желілер орнатылды. 2018 жылы аталмыш жол салынып бітеді
Бүгінде:
– Ақан сері көшесі – Тілендиев даңғылынан Новая көшесіне дейін;
– Жангелдин көшесі – Әуезов тұ­йығынан Бейсеков көшесіне дейін;
– С.Сейфуллин көшесінің жалғасы – 167-көшеден Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейін;
– 2-Алматинская көшесі – Тілендиев даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейін жолдар салынуда. 2018 жылы аталмыш көшелер құрылысы жалғасатын болады.

Бағыттар желісін жаңғырту

Сарыарқа ауданының аумағында 3 автопарк орналасқан:
1. №3 автопарк;
2. №6 автопарк «Жорға» ЖШС;
3. №1 автопарктің бөлімшесі.
Бағыттар саны – 51, автобустар саны – 675.
Сарыарқа ауданы қоғамдық көлігінің бағыттар желісі 51 қалалық бағыттан тұрады, оның ішінде 4 экспресс, сондай-ақ, 7 қала маңы қатынастары.

Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, ары қарай дамыту үшін 2017 жылы 5 жаңа бағыт іске қосылды, бағыттардың 11 сызбасы ұзартылды.

Мұнан басқа, жаңа көшелерге көліктік қызмет көрсетумен байланысты түйткілдер шешілді. Жылжымалы құрам 18 бағыт бойынша «Iveco» маркалы 193 жаңа жайлы автобустарына жаңартылды және сыйымдылығы шағын автобустардан жаңа жайлы «Iveco» автобустарына жаңартылды. 11 бағыт бойынша автобустар саны 44 бірлікке артты.     

Аялдама павильондары

2017 жылы Сарыарқа ауданының аумағында келесі мекенжайлар бо­йынша жабық (жылы) типті 2 аялдама павильондары орнатылды:
1. Бөгенбай батыр даңғ., «Шапағат» коммуналдық базарының маңы;
2. Н.Тілендиев даңғылы, «Рахмет» СҮ маңы.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Сарыарқа ауданының аумағында 1026 көп пәтерлі тұрғын үй бар (көп пәтерлі – 913, барак типті – 113, жалпы ауданы – 4159924 ш.м., пәтерлер саны – 68515).
Орталықтандырылған жылыту жүйесіне 854 үй қосылды. Дербес жылыту жүйесіндегі (сұйық және қатты отын) – 25 және 150 үй пешпен жылытып отыр.
«Астанаэнергия» АҚ аудандық қазандығына «Көктал» ТА-дан 10 тұрғын үй, №19 ОМ және балалар үйі қосылған.
«Жылу» МКК қызмет көрсететін 10 қазандыққа 5 тұрғын үй, 5 мектеп (№19, 40, 41, 61, 68), 4 балабақша (№13, 39, 55, 61), 1 колледж қосылған.
Ауданда тұрғын үйлерге қызмет көрсету бойынша 147 қызмет көрсетуші ұйым (ПИК, ӨК, ЖК, ЖШС және т.б.) жұмыс жасайды.
Тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес өткізілді және толық көлемде аяқталды. Тұрғын үй қорының барлық нысандарындағы жылыту жүйесі 100 пайыз іске қосылды.
34 тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары аяқталды. Өткен жылдың мұндай кезеңінде 29 қасбет жөнделді.
2017 жылы 1997 жылы салынғалы бері пайдаланылған 20 жыл ішінде бірінші рет Самал ы/а 10 тұрғын үйінің қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
QR коды мен жарығы бар 709 дана аншлагтарды орнату бойынша жұмыс­тар жүргізілді. Өткен жылдың мұндай кезеңінде 670 аншлаг орнатылды. Барлығы көп пәтерлі тұрғын үйлерге – 349 дана, әкімшілік ғимараттарға 196 дана аншлаг орнатылды. Аншлагтардың жалпы саны: жарықты – 705 дана, жарықсызы – 4 дана.

Лифт шаруашылығы 

Ауданның аумағында бүгінгі таңда 41 лифт ұйымы жұмыс жасайды, олар 1191 лифт қондырғысына (тұрғын үй қоры – 980) қызмет етеді.
Аудандарды дамыту бағдарламасын іске асыру басталғалы аудан бойынша 14 үйде барлығы 31 лифт қондырғысы ауыстырылды, 2 үйдегі 7 лифтіні алмас­­тыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
2017 жылы 11 лифт қондырғысы алмастырылды, 7 лифтіні алмастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында 2 лифт қондырғысын алмастыру жоспарланып отыр.
Тұрғындардың көптеген өтініш­тері бойынша лифтісі жоқ тұрғын үйлерде (ал кейбір үйлерде лифтілер жұмыс істемеді) 18 лифт қондырғысын алмастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Өткен жылдың мұндай кезеңінде 1 үйде 3 лифт қондырғысы алмастырылған болатын.

Кондоминиумды  тіркеу

Ауданда 1026 үйдің ішінен кондоминиум 761 үйде тіркелді, 234 барак типті және апатты-тозған күйдегі үйлер, ведомстволығы – 4, пайдалануға берілмеген 8 үй бар.
Аталмыш жұмыс басталғалы бері кондоминиумы тіркелмеген 332 үйдің ішінен бүгінгі таңда кондоминиум 316 тұрғын үйде тіркелді, қалған 16 үй бо­йынша жұмыс жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері кондоминиум 49 үйде тіркелді.
Өткен жылдың мұндай кезеңі ішінде 181 тұрғын үйде кондоминиум тіркелді.

Бейнебақылау камераларын орнату

Бүгінгі таңда Сарыарқа ауданы бойынша 247 тұрғын үйге 2865 бейнебақылау камералары орнатылған, оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бері 84 камера орнатылды. Өткен жылдың мұндай кезеңі ішінде 46 бейнебақылау камералары орнатылды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ағымдағы жылдың басынан бері коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп, 709 тексеру құдықтары (люктері) жабылды. Өткен жылдың мұндай кезеңінде 588 тексеру құдығы жабылған болатын.

Қызмет көрсетуші ұйымдарды рейтингілік бағалау

Аудан әкімінің аппараты Сарыарқа ауданының «Парасат» ПИК қауымдас­тығымен және Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесіп, алғаш рет ауданның қызмет көрсетуші ұйымдарының қызметін рейтингілік бағалауды енгізді. Бағалаудың нәтижесі бойынша келесідей нәтиже көрсетілді: жұмыс жасап тұрған 147 ұйымның ішінен 48-інің жұмысы жақсы, 93-інің жұмысы қанағаттанарлықтай деп танылып, 6 ұйымның жұмысы қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсетті. Аталмыш жұмыс ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.

Құрылыс  саласы

Сарыарқа ауданының аумағында 507 құрылыс нысандары бар (нысандарды реконструкциялау, қайта жоспарлау және қайта жабдықтау, өндірістік базалар, әлеуметтік-мәдени тұрмыс және білім беру нысандары, коммерциялық нысандар және көп­қыз­метті тұрғын үй кешендері).
2017 жылы 143 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, пәтер­лер саны – 1166, ауданы 118 мың шаршы метр 62 әлеуметтік-мәдениет тұрмыс нысандары берілді.


Білім беру нысандарының дамуы

2017 жылы жалпы білім беретін кәсіби оқу орталығы ғимаратына жапсарлас құрылыс жүргізу жұмысы аяқталды.
2018 жылы бұған дейін басталған, әрқайсысы 800 орындық 2 КТМ құ­рылысы аяқталатын болады:
1. «Бөгенбай батыр даңғылы бо­йынша орналасқан 800 орындық КТМ (байланыс және энергиямен жабдықтау бойынша)»;
2. «Бөгенбай батыр даңғылы бо­йынша орналасқан 800 орындық КТМ (құрылыс саласында)».
Аудан аумағында 3600 орындық 3 орта жалпы білім беретін мектептің құрылыс жұмыстары жалғасуда:
– «Қарталы және Оқжетпес көшелерінің қиылысындағы 1200 орындық мектептің құрылысы»;
– «Оқжетпес және Ш.Бөкеев көшелерінің қиылысындағы 1200 орындық мектептің құрылысы»;
– «Абай даңғылы мен Т.Бигелдинов, К.Күмісбеков  көшелерінің  қиылысындағы аудандағы 1200 орындық мектеп».
Аталмыш жобалар бойынша пайдалануға беру мерзімі 2018 жылға жоспарланып отыр.
Тұрғын үй құрылысын дамыту «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) (бұған дейін Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) іске асыру аясында жалдамалы баспана бағыты бойынша ЖАО кезегіндегілер үшін жалпы ауданы 3,2 мың шаршы метр, жалпы 62 пәтерлік КТК пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, ЖАО кезегіндегілерге арналған жалдамалы баспана бағыты бойынша жалпы ауданы 22,9 мың шаршы метр 530 пәтерлік үйдің құрылысы жалғасуда, аяқталу мерзімі – 2018 жыл.

Кәсіпкерлік

Кәсіпкерліктің дамуына оңтайлы жағдай жасау аудандағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Ауданда шағын және орта бизнес белсенді түрде дамуда. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа кодекс (Салық кодексі) күшіне енді, ол бірінші кезекте шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ, адал салық төлеушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған.
Бүгінгі таңдағы дерек бойынша жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілерінің саны – 34906, оның ішінде заңды тұлғалар – 12412, жеке кәсіпкерлер – 22494.
Тексеру іс-шараларын өткізу барысында 2017 жылдың басынан бері ҚРӘҚтК 204-бабына сәйкес, белгіленген жерлерде сауда жасаудың 1002 дерегі анықталды.
Осыған байланысты, Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2017 жылға заңсыз орнатылған нысандарды (сауда павильондары және дөңгелек жөндеу контейнерлері) шығару кестесін бекітті.
Өткен жылы барлығы 96 павильон мен дүңгіршектер (мемлекеттік жер – 60, жер телімін мақсатына сай пайдаланбау – 36) анықталды. Оның ішінде 66 уақытша нысандар бұзылып, шығарылды. Өткен жылдың мұндай кезеңінде 175 павильон мен дүңгіршектер анықталып, 86-сы бұзылды.
Сарыарқа ауданы бойынша Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы, Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты, Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы қызметкерлерінен тұратын рұқсат құжаттарсыз орнатылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы анықтау бойынша жұмыс комиссиясы құрылды.
Осылайша, 2017 жылдың басынан бері 220-сы алынып тасталды, өткен жылдың мұндай кезеңінде 190 жарамсыз және рұқсат құжаттарынсыз орнатылған жарнама нысандары алынып тасталған болатын.
Кешкі уақытта бірінші қабаттардағы нысандарда орналасқан, жарығы бар жарамсыз тақтайшаларды тексеру және анықтау жұмысы жүргізілді, 345 ақау жо­йылды.

Әлеуметтік сала

Есіл өзені жағалауында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі демалыс аймақтарын қамтитын тұтас кластер құрылды.
Басты жобалардың бірі Арбат болып табылады, ол құрылған қоғамдық кеңістік аймағының бас­ты элементіне айналды. Арбаттың жұмыс жасауының басты қағидасы – халыққа қолжетімділігі, яғни жұмысының ақысыз болуы. 2017 жылдың шілде айында Мемлекет басшысына таныстырылды.

Қоғамдық кеңістік аймағын әрі қарай дамыту, елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлылық жасау мақсатында Арбат аумағында тегін жазғы кинотеатр мен ұлттық стильде безендірілген көше караокесі ашылды.
Күн шамадан тыс ысыған кезде суды тегін тарату бойынша науқан өткізілді. Суы бар кулерлер Арбатқа орнатылды.
Бұқаралық спорт түрлерін насихаттау үшін йога және ушумен тегін айналысатын орындар жасалды (Йога-парк және Ушу аймағы). Олар да клас­терге кірді. Тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, күзгі-қысқы мезгілде «Астана» СК қабырғасында халыққа арналған тегін сабақтар өткізіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылы аппарат тарапынан Республика даңғылы мен Ә.Мәмбетов көшесі арасындағы жаяу өткелді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сарыарқа ауданының аумағында 120-дан астам іс-шаралар өткізілді. Апта сайын ауданда демалыс күндері «Көктал» және «Өндіріс» тұрғын үй алаптарында «Думанды Сарыарқа» мерекелік концерттері өткізіліп отырды.

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін дайындау және өткізу аясында ауданды безендіру жұмыстары жүргізілді. Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты тарапынан аудан бойынша 32 пішін, «ЭКСПО-2017» логотипі бар 48 модульдік қыш құмыралар, 59 шағын сәулет нысандарын (ШСН), оның ішінде «ЭКСПО-2017» логотипі бар 3 ШСН әзірлеу және орнату бойынша жұмыс жүргізілді, ғимараттардың 11 қасбеті (6 – «ЭКСПО-2017» логотипімен) безендірілді, Сарыарқа және Жеңіс даңғылдары бойынша 4 панно орнатылды. Мұнан басқа, жарық бағандарына 60 безендіру конструкциялары орнатылды.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС бірлесіп, ЭКСПО логотипі бар 36 жаяу жүргіншілер нұсқағыштары мен 18 навигациялық пилондар орнатылды. Өңірлерден келген тұрғындарды жай­ғас­тыру үшін Сарыарқа ауданы бойынша 13 жатақхана жұмыс жасады.
Сарыарқа ауданы аумағында Бейбітшілік к., 1 мекенжайындағы тұрғын үйдің қапталында ұлттық стильдегі алғашқы қалалық ескерткіш сурет (граффити) пайда болды.
Сонымен қатар, ғимарат қасбетіне Бөгенбай  батыр, Абай Құнанбаев, С.Сейфуллин және Т.Бигелдинов сияқты ұлы тұлғаларымыздың сурет бейнелейтін арнайы брандмауэрлер (ғимараттың бүйір қабырғасын толық жабатын билбордтар) орнату технологиясы қолданылуда.
Аудандағы аялдама кешендеріне шағын кітапханалар орнатылды.
Аудан аумағында «Есім жазылатын отырғыштар» жаңа жобасы іске асырылуда. Есіл ауданы жағалауында барлығы 2 атаулы отырғыштар (біреуі – классикалық стильде, екіншісі – модерн стилінде) орнатылды. Аталмыш науқанға жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Егде жастағы адамдарға арналған ойын-сауық орталығы ашылды. Зейнеткерлерге арналған 4 ойын-сауық орталығы жұмыс жасап тұр. Ауданда барлығы дене тәрбиесімен және бала тәрбиесімен айналысатын 5 аула клубы бар.
Алғаш рет Сарыарқа ауданы Ардагерлерінің кеңесі жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылды, оның құрамына елорда мен ауданымыздың дамуына ерен үлес қосқан ауданның құрметті тұрғындары кірді.

Қоғамдық тәртіп

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін қорғауға Сарыарқа ауданы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің 129 қызметкері, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың 329 өкілі тартылған.
Ауданның жедел жағдайын тұрақтандыру мақсатында өткен 2017 жылда 96 іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде 31 жергілікті-тексеру іс-шаралары, 9 науқан өткізілді, 56 жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің 1304 өтініші қаралды. «Әкімге жүгіну» айдары бойынша азаматтардың 654 өтініші қаралды. Барлық өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілді.
2017 жылы Сарыарқа ауданының әкімі мен оның орынбасарлары апта сайын азаматтарды жеке қабылдау­ды жүргізіп отырды. Барлығы 388 адам қабылданды (2016 жылы – 367 адам).

Халықпен кері байланыс

Аудан тұрғындарының белсене қатысуы және оларды аудан тыныс-тіршілігі мәселелерін талқылауға тарту үшін апта сайын қала активінің қатысуымен, аудан әкімінің төрағалығымен алғаш рет өткізілетін жиындардың онлайн-көрсетілімі енгізілді.
Сонымен қатар, қоғамдық бақылауды және тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында танымал Telegram мессенджерінде диалогтық алаңдар (чаттар) («Сарыарқа әкімдігі», «Аудандағы тәртіп», «Аудан ПИК») іске қосылды.

Аудан әкімі аппаратының ресми парақшалары

Facebook-тегі парақша жандандырылып, Instagram-да алғаш рет ресми парақша ашылды. Олар танымал әлеуметтік желілер қолданушыларымен тікелей диалог құруға мүмкіндік береді. Ресми парақшалар арқылы тұрғындарға аудан өмірінен қызықты және пайдалы ақпарат таратылады, түрлі мультимедиялық контент жарияланады. Әлеуметтік желілердегі қоғамдық топтар мен диалогтық алаңдар арқылы аудандағы жағдаятқа мониторинг жүргізіледі. Тұрғынның әрбір жазбасына және пікіріне ден қою бойынша жедел жұмыс жүргізіледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында ауданда азаматтық қоғам институттарын және шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, бағдарламаны ілгерілету бойынша нысаналы жұмыс жүргізілуде.
2017 жылы келесідей жобалар іске асырылды:
– М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы маңында балаларға арналған ойын кешені орнатылды;
– Самал ықшамауданында 3 «Workout» спорттық жаттықтырғышы орнатылды;
– Қосшығұлұлы көшесі, 25 мекенжайы бойынша «рақмет» айтып, тауар алуға болатын қайырымдылық дүкені ашылды;
– «5 минут» супермаркеттері мен «Ұлжан» базарында мұқтаж жандарға арналып тегін нан таратылады;
– «Көктал» автобазарында тұрмысы төмен адамдарға тегін киім тарататын «Қайырымдылық. Доброта» әлеуметтік жобасы іске асырылуда;
– тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен жетім балаларға арнап «Мектепке баратын жол» 
науқаны өткізілді;
– экологиялық айлықты өткізу аясында көпжылдық ағаштар отыр­ғызылды;
– «Sine Tempore», «Астықжан», «Рахмет» СҮ мұқтаж жандарға арнап киім жинау жәшіктері орнатылды.

2017 жылды қорытындылай келе, Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты тарапынан тұрғындардың өзекті және жүйелі мәселелерін шешуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі қолданылатын түрлі әлеуметтік жобалар табысты іске асырылуда, «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілді, ауданды ауқымды көгалдандыру, қоғамдық кеңістік орындарын дамыту, аулаларды абаттандыру, креативті технологияларды пайдалана отырып, ауданды безендіру бойынша жұмыстар жүргізілді, санитарлық күтіп-ұстау тұрғысынан жаңа тәсілдер қолданылды. Аудан шеттерін дамытуға да көңіл бөлінді.
Алғаш рет аудан шеттеріндегі масаларды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Апатты жағдайдағы тозған үйлерді сүру, қарды шығару, су өткізетін құбыр төсеу арқылы батпақтан суды бөлу бо­йынша рекордты жұмыс жасалды.
Жүйелі мәселелер мен аудан тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстарды талдау негізінде Сарыарқа ауданын дамытудың жол картасы әзірленді, ол аудан тұрғындарымен талқылау үшін жарияланатын болады.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх