• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Сансызбай ЕСІЛОВ: Елордада «Байқоңыр» ауданының құрылуы заман талабына сай үрдіс

14 ақпан, 09:02136

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов қалалық мәслихат депутаттарының жаңа ауданға «Байқоңыр» атауын беру жөніндегі ұсынысына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елордада «Байқоңыр» ауданының құрылуы заман талабына сай үрдіс» дегенді алға тартқан Сансызбай Есілов жаңа ауданға қатысты пікір айтты.

«Астана – қысқа уақыт ішінде өсіп-өркендеп, миграциялық үрдістер есебінен халқының саны қарыштап көбейген ірі қала. Миллионнан астам тұрғыны бар қаланы тиімді әкімшілік-территориялық басқару тәсілдері арқылы көркейткен жөн. Осы ретте, елордада төртінші ауданның құрылуы орынды», - дейді Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Байқоңырдың тарихы мен оның маңызы тереңде жатқанын айтқан ақсақал, Байқоңыр – адамзат баласы тұңғыш рет ғарышқа көтерілген тарихи және стратегиялық маңызды орын, елімізге ғана емес, тұтас әлемге танымал мекен екенін сөзге тиек етті.

«Сондықтан да жаңа ауданның «Байқоңыр» атауын иемденуі оң шешім болды. Өйткені Бас қаламыздың көшелеріне, оның бүгінгі аудандарына тарихи маңызды орындардың аттарын беру дәстүрі қалыптасқан. Еліміздің бас қаласындағы ономастикалық нысандардың атаулары оның статусына, идеологиялық мақсат-мүдделеріне сай келуі тиіс», - деп атап өтті Сансызбай Есілов.

Наверх