• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

Прокуратура тариф белгілеудегі заң бұзушылықтарды анықтады

08 қараша, 11:5139
Автор: Elorda Aqparat

Астана қаласының прокуратурасы монополистер – «Астана-Энергия», «Астана-РЭК», «Астана-Теплотранзит» АҚ-ы және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен жылу және электрмен қамтамасыз етуге тарифтер белгілеудің заңдылығына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған компаниялардың табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың бұзушылықтарына жол бергені, бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны анықталды.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС монополияға қарсы органмен шекті бағаны келісу кезінде 1 кВт/сағатты сатып алу 11,8 теңгеге жүзеге асырылады деп көрсеткенімен, шын мәнісінде ол екі есеге арзан сатып алынған. Сондай-ақ, тұтынушыларға залал келтірген монополия субъектісінің әрекеттерінің бірі тарифтік смета шығындары баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшердің 5%-дан астамын орындамауы болып табылады» делінген хабарламада.

«Астана-Энергия» АҚ 2017 жылға жалпы сомасы 474 млн теңгеге шығындар баптарын орындамаған. Жоғарыда аталған сома тұтынушыларға өтелуі тиіс.

Прокуратура енгізген актілердің негізінде 3 монополист үшін электр мен жылу бағаларын 1,2 млрд теңгеге төмендететін уақытша өтемдік тариф енгізілді.

Қазіргі уақытта жылумен жабдықтауға арналған тарифтер бір Гкал үшін 3016,52 теңгеден 2842,99 теңгеге және электр энергиясына бір кВт/сағ үшін 14,59 теңгеден 13,89 теңгеге төмендетілді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх