• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Өткен жылы 1,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді

17 қаңтар, 09:3697
Автор: Elorda Aqparat
Көрнекі сурет Көрнекі сурет

2017 жылы астанада 300 мың әкімшілік айыппұл салынып, 1,7 млрд теңге яғни 58% өндірілді. Астанада жедел-профилактикалық "Борышкер-2018" іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Елорда инфо астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Дәл қазіргі таңда бізде "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты - әкімшілік айыппұл салынған  құқық бұзушылар мен алимент төлемегендерді  анықтау. Операция "Сергек" жүйесі қосылған камера арқылы планшеттің көмегімен жүргізіледі", - дейді Астана ІІД әкімшілік практика бөлімі басшысының орынбасары Дархан Ташмұхамбетов.

Оның айтуынша, 2017 жылы 300 мың әкімшілік айыппұл салынған, яғни 58% өндірілген. Елордада "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы 16 қаңтардан 19 қаңтарға дейін прокуратура, жекеменшік сот орындаушылары мен полиция инспекторларының қатысуымен өткізілуде. 

Өткізіліп жатқан іс-шараның басты жаңашылдығы, электронды планшетті қолданудың арқасында, әкімшілік айыппұлын өтемеген азаматтарды анықтап, мәжбүрлі түрде әкімшілік жауапкершілікке тартып болмаса көлік құралына дейін айыппұл салмақ.

Наверх