• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Ораза кезінде елорда мешіттерінен түнгі автобустар қатынайды 

17 мамыр, 16:5778

Рамазан айы кезінде Астананың мешіттерінен тарауық намазына келген тұрғындарды тасымалдауға шатл-басстар қатынайтын болады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі «Астана ЛРТ» ЖШС сілтеме жасап. 

«Қасиетті Рамазан айы кезінде Астананың мешіттерінен келісі бағыттар бойынша көліктік қамтамасыз ету жүзеге асырылады» делінген компанияның хабарламасында.

Астана ЛРТ ұсынған бағыттар келесідей: 
 1) «Әзірет Сұлтан» мешіті
- «Спутник» супермаркеті;
-  «Астана-1» теміржол вокзалы;
- «Коктал-2» тұрғын алабы
2) «Нұр Астана» мешіті:
- Медициналық колледж;
- «Астана-1»  теміржол вокзалы;
- «Коктал-2» тұрғын алабы; 
3) «Сәдуақас қажы ғылмани» мешіті 
- «Спутник» суперматкеті;
- «Коктал-2» тұрғын алабы.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх