• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Оқудан шығарылған студенттердің оқу үлгерімдері үздік болған

26 сәуiр, 13:19129

Астана медицина университетінен шығарылған студенттердің оқу үлгерімдері жақсы болған, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

2017 жылдың 29 тамызы мен 19 қыркүйегі аралығында жүргізілген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде 110 адам IELTS сертификатын қолдан жасағаны белгілі болды. Қосымша тексеру кезінде тағы 7 жалған сертификат анықталды.

Айта кетейік, баспатқыда тексеріс университеттің ақылы бөлімінде оқитын студенттердің арызынан кейін басталған болатын. Осы мәселеге қатысты Астана медициналық универсиеті қандай шара қолданғаны туралы университет ректоры Мәжит Шайдаров баспасөз мәслихатында айтып берді. Бүгінгі күні 33 адам оқудан шығарылды және 84 адамды шығару туралы жұмыс комиссиясының қаралуында жатыр.  Ректордың айтуынша, оқудан шығарылған студенттер сұхбаттасу кезінде олардың кейбірі далада белгісіз бір әйелдің келіп, сертификат сатып алуға ұсыныс жасағанын айтқан. Ал кейбірі өздері алаяқтықтың құрбанына айналғанын және сертификаттың жалған екенін білмегенін жеткізді.  

«Студенттер өздерінің сертификаттары жалған екенін білді. Біз олардың ар-ұяты оянып, өз еріктерімен оқудан шығаруға өтініш жазатын шығар деп күтіп едік, өйткені, бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Кейбіреулері өз еріктерімен шығып кетті. Бірақ 84 адам өз сертификаттарын түпнұсқа деп отыр.   Студенттермен кездесіп, жиналыс өткізгенде кейбірі сертификатты бейтаныс әйелден сатып алғанын айтқан болатын. Бұл баланың сандырағы, бұл студенттер – дипломы бар дәрігерлер, соған қарамастан осындай өтірік айтып отыр. Бұл адамдар біле тұра қылмысқа барды», - деді ол.

Медициналық университетке 25 АЕК мөлшерінде немесе   56 725 теңге көлемінде айыппұл салынып, білім беру қызметін жүргізу құқықғын лицензиялау әрекетін 6 айға тоқтатты.  Лицензияның уақытша жоқтығы оқу процессіне әсерін тигізбейді.

«Ал оқудан шығарылғандарға келсек, олар дәрігердің дипломына ие болған, резидентура, магистратураға түсуге құқығы бар. Бірақ біз олардың тізімін тек жариялап қана қоймай, Қазақстанның медициналық университеттеріне жібереміз. Олар енді бюджеттік негізде оқуға түсе алмайды, тек ақылы бөлімде оқи алады», - деді ректор.   

Сондай-ақ ректор аталған оқиғадан кейін университет ЖОО кейінгі білім беру деканымен келісім-шартты бұзған, ал деканның орынбасары мен бас маман өз еріктерімен жұмыстан кетті.

«Оқудан шығарылған студенттер сабақты жақсы оқыды. Жақсы оқу үлгерімін көрсетті. Оқудан шығарылғандардың ішінде бір резидент қана кезінде оқу үлгеріміне байланысты шығарылған, ал қалғандары бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.  117  шығарылғанның 82-і резидентурада, 24 –і магистратурада және қалған 11-і доктарантурада оқыған болатын. Магистратурада оқудың бір айлық шығыны - 65 мың теңге, резидентурада - 67 мың теңге, ал доктарантурада - 120 мың теңге», - деді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканы Ернар Тұрсынбет.

Оқуға жұмсалған қаржының барлығын студенттер бюджет еншісіне қайтаруға міндетті болады.   

Наверх