• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаев ХІ Астана экономикалық форумды ашты

17 мамыр, 11:2785
Автор: Elorda Aqparat

ХІ Астана экономикалық форумы Конгресс-орталығында өтіп жатыр. Қазақстан Президенті «Жаһандық шақыру әлемі» пленарлық отырысына қатысуда, деп хабарлайды Elorda Info.

Астана экономикалық форумы - Орталық Азиядағы іскерлік саммиті болып табылады. Диалогқа 500-ге жуық әлемге әйгілі тұлғалар шақырылды.

Форумға Франсуа Олланд (Франция), Романо Проди (Италия), Пан Ги Мун (Корея), Стив Возняк - Apple компаниясының негізін қалаушы, Крис Бартон - Шазам, Карло Кастелия - AECOM, Тони Вандерберг - Амазон, Мито Каку, Обри де Грей, Bruno Lanvin, Энтони Атала, Эндрю Макафи сынды  әлемге әйгілі саясаткерлер мен кәсіпкерлер шақырылды.

Олар қазіргі әлемдік проблемаларды талдайды, әлемдік экономика мен стратегияның мәселелерін талқылайды. Саммитте 11 тақырып көтеріліп отыр, соның ішінде цифрландыру, жаһандық қауіпсіздік және урбанизация, ресурстар және таза энергия туралы мәселелр айтылады.

«Форум он бірінші рет әлем экономикасы, инвестициялар мен инновациялар мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналып отыр. Өткен жылғы форумнан бері біз әлемдегі үлкен өзгерістерге куә болдық. Мемлекеттер арасында бір мәмілеге келу бара-бара қиындап барады. Қарсыластың қағидалары мен ұстанымдарын түсінуге тырыспау және сенімсіздік таныту да белең алуда. Бұл әлем үшін қиын кезең болып табылады. Сондықтан, осы қиындықтарға қатысты мәселелерді әділ талқылаудың маңызы зор. Бұл адамзат үшін маңызды. Сол себепті, бүгінгі форум жаһандық сын-тәуекелдердің тиімді жауаптарын табуға бағытталған. Осы мақсатта танымал мамандар жиналып отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Жанжалдар мен келіспеушіліктер әрқашан адамзаттың дамуымен бірге жүреді. Бірақ бүгінгі таңда байқалатын шиеленістің ұлғаюы менің ойымша, оның терең себептері бар. Өркениеттің бұлай тұтастай өзгеруі туралы тағы да айтылады», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Ол әлемнің керемет деңгейде өзгеріске түсіп жатқанын айтты. Ол қалай, қайдан келгеніне қарай адамзаттың не күтетініне байланысты – бұлар гүлдену дәуірі немесе тоқырау кезеңі.

«Бақыланатын үрдістер объективті және жаһандық өзгерістерден туындады. Оның сипаты планетаның дамуының бес негізгі мегатренті арқылы сипатталуы мүмкін», - деді Президент.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх