• USD 343
  • EUR 397
  • RUB 5.45


Қоғам

Мысырдың елшісі елордалық ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алды

07 маусым, 18:29591

Бүгін Мысырдың Қазақстандағы елшісі Камел Ибрахим Хайсам Салах Астана қаласындағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына келіп,  жарты сағаттың ішінде жүргізуші куәлігін алды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 «Бүгін Мысырдың Қазақстандағы елшісі Камел Ибрахим Хайсам Салах мемлекеттік қызмет көрсету қызметін бағалап және жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін елорданың АрнайыХҚКО - келді. Өзінің алғашқы жүргізуші куәлігін елші Арнайы ХҚКО болмаған кезде алған болатын. Бүгін жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде ол қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне таңғалды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Сондай-ақ ол мысыр елшісінің жүргізуші куәлігін ауыстыруға небәрі жарты сағат уақыт кеткенін атап өтті. Елші жылдам әрі сыпайы қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік корпорацияның қызметкерлеріне алғыс білдірді, - деді ол.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


Наверх