Қоғам

Митингке шыққаныма өкінемін – елорда тұрғыны

09 қараша, 08:0034
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: қала әкімдігінің баспасөз қызметі Дереккөз: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет қабылдауға жазылған азаматтармен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу, медициналық көмек алу және басқа да мәселелер сөз болды. Қала әкімінің қабылдауында болған К. есімді тұрғын митингке шыққаны дұрыс болмағанын айтып, ағынан жарылды. 

"Митингке шыққаныма өкінемін. Айқаймен ештеңе шешілмейді. Мен қателестім. Тұрғын үйді тек заңды түрде кезекке тұру арқылы алуға болады", – деді қала тұрғыны.

Сондай-ақ тұрғындарды қабылдауға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қалдықтарды тиімді жарату, ауыз суды тазарту және т.б. экологиялық жобалар бойынша да мәселелер айтылды.

Естеріңізге салсақ, қала басшысы мен әкім орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан әкімдері азаматтарды апта сайын қабылдайды. 3 ай ішінде елорда әкімі 500-ден аса азаматты қабылдады. Кей мәселе қабылдау кезінде шешімін тапса, басқа мәселелер назарға алынып, жергілікті биліктің бақылауында тұр. 

Сонымен қатар азаматтарды қабылдау ауданның open әкімдіктерінде және "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап 2,5 ай ішінде орталық мамандары 5,5 мыңға жуық адамды қабылдады. 11 мыңнан астам сұрақ түсіп, сол бойынша жүйелі түрде кеңес берілді. 

Сондай-ақ Алтай Көлгінов iQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында кәсіпкерлерді қабылдайды.




Наверх