Қылмыс және оқиғалар

Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді

10 қазан, 18:4738
Автор: Elorda Aqparat
Сурет интернеттен алынды Сурет интернеттен алынды

Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Берел» «мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК директоры мен мұражайдың басқа да қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар іс жүзінде қызмет көрсетусіз «Бітім» және басқа да үлестес жеке кәсіпкерлермен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жалған жасасу арқылы жүйелі негізде 10 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот шығарады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх