Мәдениет

Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды

10 қазан, 20:4337
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақорда сайтынан алынды Фото Ақорда сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Ақтау қаласына жұмыс сапары аясында Әбіш Кекілбайұлының аты беріліп, жаңа ғимаратқа көшкен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аймақ әкімдігіне музей құрылысын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі заңғар жазушының 80-жылдық мерейтойы шеңберінде пайдалануға берілді.

Жалпы, бұл кешен «Әбіш Кекілбайұлы мәдени орталығы» деп аталады. Онда Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінен бөлек, кітапхана мен облыстық музыкалық-драма театрдың ғимараты да салынады. Кешеннің құрылысы биылғы қаңтар айында басталған. Толық аяқталуы 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Оның жалпы аумағы 10,6 гектар жерді құрайды. 

Фото Ақорда сайтынан алындыФото Ақорда сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстық музейдің жаңа ғимаратын аралап көрді. Естелік кітапқа тілегін жазып, қолтаңба қалдырды. 

Фото Ақорда сайтынан алындыФото Ақорда сайтынан алынды



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх