• USD 373.5
  • EUR 423
  • RUR 5.68

Қоғам

Мәслихат депутаты Шымкенттегі Астана даңғылын Н. Назарбаевтың есімімен атауды ұсынды

11 қаңтар, 08:49136
Автор: Elorda Aqparat

ОҚО мәслихатының кезектен тыс өткен сессияы барысында жергілікті мәслихат депутаты Шымкенттегі Астана даңғылын Н. Назарбаев даңғылы деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Елорда инфо ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы барысында сөз алған  облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдеханов көше атауын өзгерту туралы ұсыныс айтқан.

«Мұнан соң баяндама жасаған облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан Астана даңғылын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен  атауды ұсынды. Халық қалаулысының бұл ұсынысын маслихат депутаттары бірауыздан қолдады», - делінген ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

 

 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх