• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Тұрғын үй алаптары

Мәслихат депутаттары елорда көшелерін жарықтандыруды сынады

08 қараша, 10:2082

Астана қаласының мәслихат депутаттары тұрақты комиссия отырысында «Астана қалалық жарық» компаниясының елорданы жарықтандыруға жауапты жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана қалалық жарық» ЖШС дұрыс жарық бермейді. Елордадағы жаңа көшелердің жартысының жарығы жанбайды», - деді мәслихат депутаты Еркеғали Есенжолов бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында.

Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаевтың айтуынша, «Астана қалалық жарық» компаниясы жекешелендірудің кешенді жоспарына қосылған.

«Елорда әкімінің Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына осы кәсіпорынның банкроттығы туралы хаттамалық тапсырмасы бар», - деді ол.

Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұловтың айтуынша, 2018 жылы елорданың көше жарығын қаржыландыру бюджеті 1 млрд 800 млн теңгені құраса, 2019 жылы бұл мақсаттарға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жүзеге асыруды ескере отырып, 800 млн теңге бағыттау жоспарланған.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх