• USD 374
  • EUR 425.8
  • RUR 5.63

Қылмыс және оқиғалар

Құтқару қызметі 112 боранға байланысты 4 мың астаналықтан қоңырау қабылдаған

12 қаңтар, 12:54264
Автор: Elorda Aqparat

Дауыл кезінде қашықтан басқару «112» қызметіне 4 мыңнан астам адамнан көмекке шақырған қоңырау келіп түсті, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

ТЖҚ мәліметіне сәйкес, бір тәулік ішінде  ғимараттардың шатырлары ұшқан жеті жағдай, электр қуаты өшу үш оқиғасы (Илинькада он үй және екі тұрғын кешендері ТК «Ситилайк», «Жағалау-3») тіркелді. Бұлар түсте сағат 14:00-де толықтай қалпына келтірілді.

ТЖҚ құрамында қуатты және кез-келген жағдайда  айналма жолдармен жүріп қаланың шетіне жедел жете алатындай техникамен қамтылған арнайы кезекші топ жасағы жұмыс атқарды. 149 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 17-сі балалар және тұрып қалған 66 дана техникалар тиісі жерге жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Астанада тәулік бойы қардан  тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Яғни 35 мың текше метр қар бар. Жолдар мен тротуарларға 565 текше метр құм төгілді.

Құтқару қызметіне 200-ден астам құтқарушы қатысып, 40 бірлік техника пайдаланылды.

Ал Ақмола облысында қашықтан басқару «112» қызметіне  үш мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Целиноград ауданындағы елді-мекендерде  ішінара 16 электр жарығының сөну оқиғасы, ғимараттардың шатырлары ұшып істен шыққан жеті оқиғасы тіркелген. Бұлар Қоянды, Оразақ, Максимовка, Қыыыыыыызылсуат, Тайтөбе, Талапкер, тасты, Ақмешіт, Қараөткел, Нұресіл, Родина, Жаңа-Жайнақ, Раздольное, Фарфоровое, Қызыл жар, Жалғызқұдық ауылдары. Түстен кейін сағат 17-00 «АРЭК» АҚ күшімен аталған ауылдардың барлығы дерлік электр желілері толық қалпына келтірілді.

Құтқару көліктерін мінген кезекші топтар 50 адамды құтқарды.

Ақмола облысында құтқарушылар жедел штабы құрылып, Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда 270 астам жерде жылыту құралдары орнатылған.

Павлодар облысында «112» қызметіне төрт мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Шатырдың бұзылуының 11 оқиғасы тіркелді. Дағдарыс орталығында  ТЖҚ  жедел штаб ұйымдастырды және ол жақтар да 100-ден астам жылыту құралдар қойылды.

169 адам қар құрсауынан құтқарылды. Тұрып қалған 38 бірлік техника тіркемен жеткізілді.

11 қаңтардағы сағат 23:00 уақыты бойынша Шідерті ауданы (30-дан астам автокөліктер мен 115 адам) жанында, Железинка ауданында (50-ден астам техника мен 157 адам), Аққу ауылында (шамамен 30 көлік және 68 адам) қалың қардың салдарынан кептелісте тұрып қалған көліктер мен адамдар бақылауда болып, көмек көрсетілді.

Қарағанды ​​облысында бес нысанның шатырлары ұшқанмен құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ол жерде де комиссия жұмыс жасап жатыр.

Облыста барлығы 183 адам көшірілген және төрт автокөлік тіркемен тиісті жерге жеткізілген.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх