• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Құрбан айтта арнайы демалыс күні берілмейді

08 тамыз, 17:13336

Қазақстандықтарға Құрбан айтта демалыс күні берілмейді, деп хабарлайды Елорда Инфо Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.

«Биыл ол жексенбі - 11 тамызға келеді. Алайда, Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормалары қолданылмайды. Яғни, егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды», - делінген хабарламада.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх