• USD 321
  • EUR 397.2
  • RUB 5.72

Қоғам

Күнің салқындауына байланысты «Нұржол» желекжолындағы ақылы тұрақтар тегін болады

23 қаңтар, 14:3536

Астанада ауа-райының салқындауына байланысты «Нұржол» желекжолындағы тұрақтар 26 қаңтарға дейін тегін болады, деп хабарлайды Елорда инфо «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Сіздерге  қазіргі ауа райының қолайсыз кезеңінде, яғни осы жылдың 26 қаңтарына дейін көлік тұрағын пайдаланғаныңыз үшін  ақы төленбейтінін хабарлаймыз. Қосымша ақпарат алу үшін 8-800-080-28-88 немесе 109 нөміріне хабарласыңыздар», делінген хабарламада. 

Осыған дейін «Нұржол» бульварындағы тұрақтар туралы және көлік тұрақтарының ережесі жайлы ақпараттар жарияланған болатын. Атап айтқанда, көлік тұрағының ақысы  таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін  сағатына - 100 теңге. Төлемақы тұрақ сессиясы басталған сәттен алғашқы  отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін.  Паркоматтар орналасқан орындар, оларды  пайдалану тәртібі және төлем тәсілдері туралы ақпараттарды www.2888.kz. сайтынан алуға болады.  Сондай-ақ, аталған ақпаратты 8-7172 57 64 81  нөміріне хабарласып, біле аласыз.

Тұрақ қызметін тегін пайдалану құқығына Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, көліктерін арнайы бөлінген орындарға қоятын бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы»  ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және  «Күміс Алқа» тағынған көпбалалы аналар, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстандағы және басқа да елдердегі әскери қозғалыс ардагерлері мен мүгедектері ие. Аталған жеңілдіктерге қол жеткізу үшін Астана қаласы, Ақбұлақ шағын ауданы, Шарль де Голль көшесі, 1 үйде орналасқан «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС клиенттермен жұмыс істеу бөлімінде тіркелу керек.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 

Наверх