• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Экономика

ҚР Ұлттық банкі "7-20-25" ипотекасының шарттарын ұсынды

13 наурыз, 11:09218

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 әлеуметтік бастама шеңберінде ұсынылған   "7-20-25"  тұрғын үй несиесінің шарттарын ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.  

Отырыста белгілі болғандай ипотекалық несиеге алты ай бойы жұмыс істейтін немесе кәсіпкерліктен табыс табатын азаматтар салымшы бола алады.

Сыйақы ставкасы 7 %.

Бастапқы жарна 20%.

Несиенің ұзақ мерзімі 25 жыл.

Қарызды бірлесіп алушыға рұқсат етіледі.

Кепілге қойылған тұрғын үйді сақтандыру міндетті.

Қарыз алушының өмірін сақтандыру қажеттілігі банкпен анықталады.

 Өтінімді қарау мен несиені беруді қатастырғаны үшін банк комиссиясы  белгіленген мәндер мен абсолюттік көлемде.

 Астана мен Алматы үшін:

Қарыздың максималды сомасы – 20 млн теңге.

Тұрғын үйдің шекті құны - 25 млн теңге.

Ірі қалалар үшін:

Қарыздың максималды сомасы -13 млн теңге.

Тұрғын үйдің шекті құны – 16 млн теңге.

Басқа өңірлер:

Қарыздың максималды сомасы – 7 млн теңге.

Тұрғын үйдің шекті құны – 8,8 млн теңге.

Ай сайынғы төлемнің көлемі ипотекалық қарыз сомасына байланысты:

Аймақтар үшін: қарыз сомасы 7 млн теңге – 50 мың теңге – орташа жалақы мөлшерінің 40%.

Қарыз сомасы 10 млн теңге -70 мың теңге.

13 млн теңге – 90 мың теңге.

15 млн теңге – 105 мың теңге.

18 млн теңге – 125 мың теңге.

20 млн теңге -140 мың теңге – Астана және Алматы қалаларындағы орташа айлық жалақы мөлшерінен 60 %.

Ұлттық Банк «7 – 20 – 25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын іске асырудың төрт негізгі кезеңдерін айқындады.  

Ұлттық банкінің төрағасы бірінші кезеңді іске асырған кезде банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін барынша іске қоса отырып, ипотекалық кредиттердің секьюритилендіру тетігін қалпына келтіру қажет екендігін атап өтті.

«Жақын арада Ұлттық Банк Басқармасы 100%-дық еншілес арнайы компанияны – Бағдарламаның операторын құру мәселесін қарайды. Жаңа компанияның капиталы Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қалыптасады. Капитал компанияға 7-20-25 формуласы бойынша ипотекалық кредиттерді сатып алу рәсімін іске қосу үшін нарықтық талаптармен қаржы нарығынан қаражат тарту үшін қажет. Бұл секьюритилендіру тетігі», - деді ол.

Екінші кезең Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін осы компанияны қаржы агенттігінің тануын білдіреді.

«Бұл компанияның облигациялары үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға салық салғандай салық салуды білдіреді. Қажетті заңнамалық түзетулерді Ұлттық Банк Үкіметтің қарауына наурызда жібереді», - деді Д. Ақышев.

Үшінші кезең тұрғын үй бастамасының жаңа мүмкіндіктері әркімге жеңілдік талаптарын беретін мемлекеттің теңдессіз қадамы болып табылатындығымен сипатталады. Алайда, бағдарлама масылдыққа жол бермеуге тиіс. 

«Бағдарламаның қаржылық жағы болашақ қарыз алушылардың төлем жасау қабілеттілігін талап етеді. Бағдарламаға ресми кірісі бар Қазақстан азаматы қатыса алады. Қазіргі кезде банктермен өлшемшарттар пысықталуда. Мысалы, тұрғын үйдің құны 7 млн. теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды, бұл жалпы алғанда, жұмыс істейтін қазақстандықтардың көпшілігі үшін қолайлы. Тұрғын үй құны әртүрлі болғандықтан, ірі қалалар мен өңірлер бойынша баспана құнын саралау жоққа шығарылмайды», - деді қаржы реттеушісінің басшысы. 

Төртінші кезең жеңілдік берілген ипотекалық кредиттер толығымен қамтамасыз етілген және түгел қайтарымды болуға тиіс екендігін білдіреді.  «Соңғы жылдары енгізілген, ипотекалық кредит беруді тартымды етпеген кейбір нормаларды қайта қарау қажет. Сондай-ақ Ұлттық Банк қажетті заңнамалық түзетулерді Үкіметтің қарауына жібереді», - деді Д. Ақышев.

Қаржы реттеушісінің басшысы Бағдарламаның аталған өлшемдері алдын ала екенін және әлі мүдделі мемлекеттік органдармен және банктермен талқыланатынын атап өтті: «Сонымен қатар өңірлерде халықты тұрғын үймен қамтуды арттыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың пікірлері мен мүдделерін ескеру де маңызды. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасында белгіленген іс-шаралар мен іске асыру мерзімдерін біз заңнамалық түзетулер уақтылы іске асырылған жағдайда қолдаймыз».

Наверх