• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Көпірден секірмек болған азаматтың әрекетіне әкімдік түсініктеме берді 

12 қыркүйек, 19:5654
Фото: Astanovka98 Фото: Astanovka98

Елордада көпірден секірмек болған ер адамның іс-әрекетіне қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

Бүгін түстен кейін елордадағы Сарайшық көшесінің бойында орналасқан «Арқар» көпірінен белгісіз ер адам секірмек болған. Өз кезегінде Полиция департаменті оқиғаны растап, құтқару жұмысының жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Көпір үстінде 1 сағаттай тұрған азаматты құтқарушылар мен психологтар төмен түсуге көндірген. 

«1991 жылы дүниеге келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Рүстем Ережепов есімді азамат көпірден секірмек болған. Отбасылы, 2 баласы бар. Дені сау, ешқандай құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелерде тіркеуде тұрмайды. Аталған азаматтың тұрақты жұмысы болған, кейін шығып кеткен. Бұған дейін қалалық әкімдікке 2-3 рет өз өтінішімен жүгінген.  Атап айтқанда, тұрғын үй және жер алу мәселелері бойынша. Әкімдік өз тарапынан демеушілердің көмегі арқылы оның мәселесін шешкен болатын. Соңғы рет 9 қыркүйек күні азамат әкімдікке келгенде «Еңбек» бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысына көшу туралы келіссөз жүргізген. Яғни онда Ережеповтің тұрғын үй және жұмыс мәселесін шешу де қарастырылған», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта құтқарылған азаматпен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс жүргізуде. 

«Тағы бір мәселе бұл азаматтың 1,3 млн теңге көлемінде 6 несиесі бар. Біз онымен «Еңбек» бағдарламасы аясында барлық мәселені шешіп, тек құжаттарды реттеу ғана қалған. Дегенмен бүгінгі күнге тиісті құжаттарды тапсырмады. Ал бүгін көпірден секіремін деп дүрліктірді», – деді ол. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх