• USD 364.5
  • EUR 415.2
  • RUB 5.55

Қоғам

Кішкентай актерлер: Әблязовтың жиені мен модельдер ҚДТ туралы роликке түсті – Бас прокуратура 

14 маусым, 11:2375

Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды. Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әблязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде», - делінген ведомство хабарламасында. 

ҚР Бас прокуратурасы олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару екенін атап өтті. 

Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әблязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға тартылған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес.

Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.

«Үстіміздегі жылдың 12 маусымында «Ютуб» каналында «Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады» деген бейнероликте «қазақстандық жас мұғалім» рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған», - делінген ақпаратта. 

«Ютубтың» басқа бейнематериалында, Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты  23 маусымда митингке шығуға шакырған жас жігіт - Әблязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев болып табылады. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен.

«Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі - «Глазгоу Каледонианың» студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 млн теңгені құрайды», - деді Бас прокуратурада. 

Айта кетейік,  2018 жылғы 13 наурыздан бастап сотпен Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында  «ҚДТ-ның» іс-әрекетіне тыйым салынған болатын. 

Бас прокуратура «ҚДТ-ның» экстремистік әрекетіне кез-келген қатысу және оны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын қайталап түсіндіреді.

Митингтерге қатысуға шақыру үгеттеулері «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның ережелерін бұзады.

Ашық акцияларды өткізу үшін 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.

Бүгінгі таңда әкімдіктерге үстіміздегі жылдың 23 маусымында митинг өткізу туралы арыздар түспеген.

Осыған байланысты, митингтер заңсыз болып табылады, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабына сәйкес жауаптылық, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделген.

«Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерді пайдаланып, барлық  азаматтарды заңдылықты және қолданыстағы қазақстандық заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға, арандатушылыққа және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырамыз.

 

Наверх